2014 жылдың қыркүйек айында өтетін ХI Ресей-Қазақстандық форумға орай, үстіміздегі жылдың 17 мамырында Атырау қаласындағы Абылқайыр хан даңғылы жолын (әуе жай трассасы) қайта жаңғырту және ерік Мостовой үстінен өтетін көпірді кеңейту жұмыстары басталды. Жаңартылған трассаның ені 18,90 м, оның ішінде 4 автомобиль жолақтары, оны бөлетін қауіпсіздік жолағы мен жолдың жиегі. Бұл жобаға Республикалық бюджеттен 1,27 млрд.теңге бөлінді. Мердігердің («Атырауинжстрой» ЖШС) айтуынша жұмыстар график бойынша шілде айының басында аяқталады.