Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Құрылысшылар күні» мерекесіне арналған спартакиада

2014-08-08
«Құрылысшылар күні» мерекесіне арналған спартакиада

ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050»: құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталасы стратегиясы» және «Мемсараптама» РМК-нің салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайтуды насихаттау бағдарламасы шеңберінде 2014 жылғы 29 шілдеден бастап 03 тамызға дейін Ақмола облысы Щучинск қаласы «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан «Энергоинформ» АҚ мен «Береке-Бурабай» ЖШС-нің оқу орталығында «Құрылысшы күні» мейрамына арналған Спартакиада өтті. Сайысқа «Мемсараптама» РМК орталық аппараты және ҚР барлық өңірлерінен келген оның филиалдары, сонымен қатар «Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті» ММ қызметкерлері қатысты.
Спартакиаданың ашылу рәсімінде «Мемсараптама» РМК филиалдарымен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Қ.Ж. Кажкенов және «Мемсараптама» РМК Солтүстік-Қазақстан бойынша филиалының ардагер-директоры В.И. Дорошенко қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, Спартакиаданы ашты. Кейін жарыс қатысушыларын тіркеу өтіп, командаларға жеребе тасталды.
Жарыс келесі спорт түрлеріне олимпиадалық жүйе бойынша өтті: шағын футбол, үстел теннисі, волейбол, шахмат және арқан тарту. Сонымен қатар, «Мемсараптама» РМК және МСҚБЛ командалар арасында «СУМО» жапон күресі бойынша жолдастық матч өтті. Жарыс қызу және ымырасыз күрес түрінде командалар мен қатысушылардың қолдаумен өтті.
Спартакиаданың қорытынды күнінде жарыс жеңімпаздары «Мемсараптама» РМК, МСҚБЛД және ҚР ӨДМ Құрылыс және ТҮШ істері комитетінің командалары арасында шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және волейбол бойынша суперфинал өтті.
Ойындар аяқталумен, нәтижелер қорытындыланып, Спартакиаданың жабылуының салтанатты рәсімі өткізілді. Жүлделі болған командаларға құрмет грамоталары, ескерткіш медальдар және кубоктар берілді. Сонымен қатар, командалар және ең үздік спортшылар жарыстың түрлі номинациялары бойынша марапатталды. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының командасы «Спартакиаданың үздік формасы» номинациясын ұтып алды.
«Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы Спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорнын және «Мемсараптама» РМК Ақмола облысы бойынша филиалына алғыс білдіреді.