Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Іс номенклатурасының негізгі функциялары жөніндегі семинар

2015-10-02
Іс номенклатурасының негізгі функциялары жөніндегі семинар
Іс номенклатурасының негізгі функциялары жөніндегі семинар
2015 жылғы «Мемсараптама» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі – филиал) қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жоспары аясында және филиалдың құжатайналымын жетілдіру мақсатында, жинақтау бөлімінің басшысы Е.Ә.Өмірзақов Алматы қаласында 28-29 қыркүйекте «BSP Archiv Audit» ЖШС «Іс номенклатурасы» тақырыбына ұйымдастырып өткізген семинарға қатысты. Семинар дәрістерін «BSP Archiv Audit» ЖШС-нің директоры Ш.П.Байзақова өткізіп, іс номенклатурасын «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар» 1037-2001 ҚР Мемлекеттік СТ сай жасау, жүргізу, істерді ресімдеудің бірыңғай үлгісі, іс номенклатурасының негізгі функциялары, құжаттарды тізімдеу мәселелері т.б. жөнінде сөз қозғады. Ш.П. Байзақованың пайымдауынша: «Іс номенклатурасы – мекеме жүргізетін, орнатылған тәртіппен ресімделіп, сақтау мерзімі көрсетілген жүйеленген істер атауларының тізімі болып табылады. Бұл талаптарға сай жасалған әр мекемеге міндетті құжат». Екі күндік оқу курсы аяқталғаннан кейін, Е.Ә. Өмірзақовқа Біліктілікті арттыру курсын өту туралы Куәлік берілді. Курс ұйымдастырушыларына істерді талаптарға сай жүргізуді оқытқаны үшін алғыс білдіреміз.