Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Сараптама бүгін» форумына қатысуы

2017-08-17
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Сараптама бүгін» форумына қатысуы
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Сараптама бүгін» форумына қатысуы
I Халықаралық құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Сараптама бүгін» форумына қатысуы
2017 жылдың 17 тамызында құрылыстағы сараптама ұйымдарының «Бүгінгі сараптама» атты I Халықаралық форумы өтті. Форумның ашылуы «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Ж. Қарағойшиннің алғы сөз сөйлеуімен басталды. Форумда жұмыстың барлық негізгі блоктары және «Мемсараптама» РМК-нің тұтастай алғанда қызметі суреттелген бейнеролик көрсетілді. «СНГ және Алыс шет ел мемлекеттеріндегі объектілер құрылысына арналған жобалар сараптамасы бойынша қызмет аспектілері» тақырыбына спикерлер сөз сөйледі: «Ресейдің Бас сараптамасы» ФАУ басшысының бірінші орынбасары Андропов В.В, Szymon Piechowiak - Team leader Ministry of Infrastructure and Construction (Польша), «Украина мемлекеттік құрылыс сараптамасының орталық қызметі» СГЭО» ГП директоры Кузьмин С.С, Әзірбайжан Республикасының ГАНБ СМ ЧС жанындағы ГУ ВГЭ бастығы Гасанов А.Г, ҚР Мемстрой жанындағы ДГЭ директорының орынбасары Сыдыков А.Ж. және басқалары сөз сөйледі. ТПД НПО ПБР KPJV Ltd бойынша менеджер (директор) А. Шпиньков, НПО ПБР ТОО «ТШО» бойынша менеджер (директор) Н. Кинганов, «ҚазҒЗЖИ» АҚ техникалық мәселелер бойынша басқарушы директоры М.С. Абаканов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕТИ ЕНУ профессоры т.б. Сонымен қатар, форумда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов сөз сөйледі. Ол қазіргі уақытта құрылыс жобаларына сараптама жүргізуді жеке компанияларға беру процессінің жүріп жатқанындығы жөнінде, қазірдің өзінде 60 % берілгені және жыл сайын 10 % беріліп отыратыны жайлы айтып өтті. Нәтижесінде 2019 жылдың аяғында «Мемсараптама» РМК ЖЭО, атом электр станциялары, мұнай заводтары сияқты бірегей және республикалық маңызы бар техникалық күрделі нысандарды ғана қалдыру жоспарланып отыр. Форумда құрылыс жобаларына сараптама жүргізу саласындагы дәйекті мәселелердің бір қатары талқыланды. Басты назар BIM-технологияға аударылды .Жақын болашақта ғимараттардың үш өлшемді моделін құруда ғимараттарды ақпараттық моделдендіруді толықтай енгізу және жобалаудан бастап пайдалануға бергенге дейін құрылысты сүйемелдеу жоспарланып отыр.