Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қош келдің- Наурыз!

2018-03-26
Қош келдің- Наурыз!
Қош келдің- Наурыз!
"Мемсараптама" РМК-нің Павлодар облысы бойынша филиалында дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні -Наурыз мерекесіне орай мерекелік ісшара ұйымдастырылды. Филиал директоры А.Т.Сейсембеков қызметкерлерді мерекемен құттықтап, өзінің жылы лебізін жеткізді. Салтанатты мейрам "Қош келдің -Наурыз!" атты алтын сақа желісімен қойылған сахналық көріністен басталды. Ұлыстың Ұлы күні ұлттық киім киген филиал қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салды. Қызметкерлер наурыз мерекесі мен халқымыздың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпына байланысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, мың бұралған қыздар "Қамажай" биін билеп, ер-азаматтар "Арқан тарту" ойынын көрсетті. Ісшара барысында қазақтың халық әндері айтылып, күйлері ойналды, қызметкерлер мен келген қонақтарға наурыз көже таратылды.