Вход в систему
 
Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Спартакиада 2019

2019-09-09
Спартакиада 2019
Спартакиада 2019
2019 жылдың 5-7 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «ALMA-TAU» тау-кен курорттық аймағында «Мемсараптама» РМК-ның Салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту бағдарламасы аясында «Мемсараптама» РМК орталық аппараты мен оның филиалдары қызметкерлері арасында Спартакиада өтті. «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының командасы «Мемсараптама» РМК Батыс аймағы бойынша филиалының командасымен бірге ұсынылды. Жарыстың негізгі міндеттері қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық дәстүрлерді сақтау және достықты нығайту болды. Жарыс келесі спорт түрлерінен өтті: 100 метрге жүгіру, шахмат, волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, арқан тарту, жүзу. Барлық жарыстар қызу және ымырасыз күресте өтті. Ойын аяқталған соң спартакиаданың жабылу салтанаты өтті. Жүлделі орындарға ие болған командалар грамоталармен, естелік медальдармен және кубоктармен марапатталды. Сонымен қатар, турнирдің әр түрлі номинациялары бойынша командалар мен үздік спортшылар анықталып, марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының командасы шахмат бойынша II орынды, арқан тарту бойынша II орынды, волейбол бойынша II орынды және футболдан III орынды, сонымен қатар жалпы командалық II орынды иеленді! «Мемсараптама» РМК-ның Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша филиалының командасы «Мемсараптама» РМК-ның және «Мемсараптама «РМК-ның қызметкерлерінің ЖК» ҚБ-не, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК-ның Оңтүстік аймағы бойынша филиалына спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіреді!