«Мемсараптама» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының
2017 жыл 1 жартыжылдығындағы құрылыстың жобалық құжаттамаларын қарау нәтижелері мен көлемі туралы
Ақпарат
Есепті кезеңде:
қаралғаны - жалпы мәлімделген құны 60,334 млрд. теңгені құрайтын 144 бірлік жобалық-сметалық құжаттама;
қарау қорытындысы бойынша ұсынылғаны – жалпы мәлімделген құны 54,482 млрд. теңгені құрайтын 119 бірлік жобалық-сметалық құжаттама;
берілген теріс қорытындысы бойынша – жалпы мәлімделген құны 2,316 млрд. теңгені құрайтын 25 бірлік жобалық-сметалық құжаттама.
Бекітуге ұсынылған жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша:
төмендеуі бойынша жалпы (мәлімделген) құнның 3,620 млрд. теңгесін құрады;
ұлғаюы бойынша жалпы (мәлімделген) құнның 0,084 млрд. теңгесін құрады.
Қаралған жобалардың жалпы көлемінің 42%-ын мемлекеттік нысандар құраса, 58%-ын мемлекеттік емес нысандар құрады.
білім беру нысандары бойынша қаралғаны - 5 бірлік ЖСҚ
денсаулық сақтау нысандары бойынша қаралғаны - 5 бірлік ЖСҚ
ЖСҚ қараудың есепті кезеңінде 5453 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдер бойынша кемшіліктер - 3,9%;
- құрылыс құнын анықтаудың дұрыс еместігі - 1,7%;
- құрылыс конструкцияларының сенімділігін қамтамасыз етілмеуі - 35,9%;
- инженерлік қамтамасыз етудің шешімдері бойынша кемшіліктер - 27,3%;
- өзге де бұзушылықтар мен кемшіліктер - 30,9%.
Отандық құрылыс индустриясының 2017 жылдың 6 айлық құрылыс жобаларындағы үлесі ресурстық құнынан 90,45% құрады.
Республикалық және салалық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу:
2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» «Тұрғын үй құрылысы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша - 4 бірлік ЖСҚ, ұсынылған құны 5,154 млрд. теңге;
2015-2019 жылдарға арналған инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша. Инженерлік-коммуникациялық инфроқұрылымдарды жинақтау - 1 бірлік ЖСҚ, ұсынылған құны 0,658 млрд. теңге.