Syndicate content

Сұрақтарға соңғы жауаптар

Қайырымдылық шаралары

Ораза Айт мерекесін атап өту қарсаңындағы қайырымдылық акциясы

Ораза Айт мерекесін атап өту қарсаңындағы қайырымдылық акциясы

Жаңбыр жауса – жер ырысы,
Батыр туса – ел ырысы.
мақал

Кәсіпорын қызметкерлерінің бастамашы тобы ұйым ұжымының, басшылығының және кәсіподағының қолдауымен барлық мұсылмандар үшін қасиетті Ораза Айт мерекесі қарсаңында Атбасар қаласы психикалық дамуы кеш және ақыл-ойының бұзылыстары бар балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті.

Қарттар күні

Қарттар күні

«Мемсараптама» РМК қарттар күнінде өздерінің бұрынғы қызметкерлері, қазіргі күні зейнет жасындағы зейнеркерлеріне материалдық көмек көрсетті. Біздің еңбек ардагерлері лайықты зейнетақы алып отырса да осындай қолдауға мұқтаж.
Мейрам қарсаңында әлеуметтік төлемдерді Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау жүйесінде еңбек еткен барлық зейнеткерлер алды.
1-қазан қарсаңында кәсіпорында осындай төлемдерді жүргізу дәстүрге айналып келеді. Бұдан басқа, «Мемсараптама» РМК-ның бұрынғы қазметкерлеріне кәсіби мейрам Құрылысшылар күнінде де үнемі көмек көрсетіліп отырады.

Батыс Қазақстан облысында болған су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында болған су тасқынынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетілді

2011 жылы сәуірде Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды, су тасқыны салдарынан 57 елді мекен бүлініп, одан 8 мыңға жуық адам зардап шекті.
Су тасқынынан зардап жеккен жандарға көмек ретінде және жағдайды жақсарту үшін «Мемсараптама» РМК –ы мен оның еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері 2 млн.840,085 мың теңге көлеміндегі біркүндік жалақыларын аударды.

Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету

Жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсету

«Мемсараптама» РМК мен оның Астана филиалының ұжымы қасиетті Рамазан айында Астана қаласындағы «Мамандандырылған Балалар үйі» ММ-дегі жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсетті.
Жобалардың мемлекеттік сараптамасының қызметкерлері жинаған қаржыға сатып алынған 1640 дана Pampers Active Baby памперстері мен 30 дана балалар тағамы, балаларға арналған 72 пакет «Агуша» сусыны, 10 пакет печеньелер бүлдіршіндерге қайтарымсыз берілді.