Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Общая информация (каз)

Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының («Мемсараптама» РМК) Семей қаласындағы филиалы

«Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалы «Мемсараптама» РМК 03.07.2012 ж. № 120 Бұйрығымен, 01.03.2011 ж. бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 145 бабы, 2 тармағы, 1 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Комитетінің 03.07.2012 ж. №кГИП-6-6580-КГИП-21-96 жазбаша келісімімен құрылды.

Филиал «Мемсараптама» РМК жекешеленген бөлімшесі болып табылады және Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы, Курчатов, Абай, Аякөз, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары аумағында орналасқан құрылыс нысандарына мемлекеттік сараптау жүргізу бойынша қызметтерін жүзеге асырады.
Кәсіпорын заңды тұлға болып есептелмейді.

«Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалы құрылыс жобаларының заңнамалық және нормативтік актілерге сәйкестігін немесе сәйкессіздігін анықтап, ғимараттар салуда техникалық-экономикалық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы жағынан жобалық шешімдердің жақсаруын және нысандар мен кешендер құрылысына жұмсалатын мемлекет қаражаты шығынын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қорытынды жалпылама сипатта беріледі, яғни, оның қатарына мемлекеттік экологиялық сараптама, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да арнаулы сараптамалар кіреді.

Жобаларды мемлекеттік сараптау мемлекеттік тапсырыс нысандары бойынша (барлық деңгейдегі бюджет арқылы, мемлекеттік банктер несиесі есебінен, мемлекеттік кепілдікпен шетелдік инвестициялар, мемлекеттік мекемелер қаражатымен қаржыландырылатын), сондай-ақ, ықтимал қауіпті және техникалық жағынан күрделі нысандардың санитарлық, экологиялық, өртке қарсы, жарылыс қаупіне, еңбекті қорғауға, құрылымдардың сенімділігі мен тұрақтылығы жағынан мемлекеттік нормативтік талаптарға сәйкес келуі бойынша жүргізіледі.

Анықтама мәліметтері:
Қазақстан Республикасы, ШҚО, Семей қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 40
тел./факс: 8 (7222) 56-79-97
Директор – Слямханов Тоққожа Қапсалямұлы, тел.: 8 (7222) 56-79-97
Өндірістік бөлімнің бастығы – Көбеева Гульмира Ғазизқызы, тел.: 8 (7222) 63-62-11
Бас бухгалтер – Бессергенева Светлана Юрьевна, тел.: 8 (7222) 56-36-08