Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жұмыс жобасын қарау бойынша кеңес өтті.

2010-07-01

        Осы жобаны әзірлеу қажеттілігі Тараз қаласының кәріз жүйесінің қалыпты дамымауына байланысты туындап отыр.

        Тараз қаласының қалдық суларының қазіргі жағдайына тоқталатын болсақ, екі жұмыс істеп тұрған коллектор бойынша алаңы 14 га бірінші тұндырғының 12 картасына және бұдан әрі ауданы 197 га фильтрациялау алаңына барады.

        Осыған байланысты  жобада коммуналдық мақсаттағы қалдық суларды тазарту саласындағы ғылым мен техниканың замануи даму деңгейіне жауап беретін тазарту құрылғыларының кешенін салу көзделген, сонымен бірге осыны іске асыру арқылы Тараз қаласында экологиялық жағдайды жақсарту.

        Қазақстан Республикасы  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша келесідей ұсыныстар мен тапсырмалар берілді:

        - «Жамбыл облысы Тараз қаласындағы қалдық суларды толық биологиялық тазарту кешені» жобасын бойынша технология түпкілікті қабылдансын;

        - жоғарыда көрсетілген жоба бойынша бекітілген жабдықтар тізбесі берілсін;

        - «Жамбыл облысы Тараз қаласындағы қалдық суларды толық биологиялық тазарту кешені» ТЭН-і бойынша түзету жасалсын;

жоғарыда көрсетілген жоба бойынша объект құрылысын салу кезінде отандық құрылыс материалдар, бұйымдар, конструкциялардың, технологиялық және инженерлік жабдықтардың қолданылуына бақылау енгізілсін.