Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобасын қарау бойынша кеңес өтті.

2010-07-09

        «Астана қаласындағы тіректі қосалқы стансалары бар 220 кВ ӘЖ сақинасының құрылысы және 500 кВ ОБТҚС-дағы 220 кВ ашық тарату қондырғысын реконструкциялау» жобасын қараудың мақсаты мен міндеті Астана қаласы мен оның маңайындағы аудандардың энергетикалық желілерін күшейту және болжанған жүктеме деңгейін жабу, сондай-ақ 2020 жылға перспективамен 2010-2015 жылдарға арналған Астана қаласын электрмен жабдықтаудың түзетілген схемасына сәйкес АЖЭО-2,3 электр қуатын беру.

        «Алматы  облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Шелек дәлізіндегі» қуаты 51 МВТ ЖЭС-тің құрылысы» техника-экономикалық негіздеменің мақсаты - Шелек дәлізінен қуаты 51 МВт ЖЭС-н салу және өнімнің негізгі түрі – электр энергиясын өткізу.

        Негізгі пайда табушы әрі  жобаның инициаторы «Green Energy Almaty» ЖШС-і. Бұдан басқа, Киот хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы парник газдары қалдықтарын төмендету бойынша міндеттеме алды, бұдан басқа келешекте электр энергиясын сатудан пайда табу, парник газ қалдықтарының квотасы халықаралық саудасына қатысудан қосымша табыс табу мүмкіндігі ашылады.

        Қазақстан Республикасы  Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша келесідей ұсыныстар мен тапсырмалар берілді:

        - жобада «қазақстандық қамту» үлесін ұлғайту туралы;

        - «Алматы  облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Шелек дәлізіндегі» қуаты 51 МВТ ЖЭС-тің құрылысы» техника-экономикалық негіздемесі жобасына өндірілетін энергия тарифін түпкілікті қайтадан есептеу жүргізсін.