Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалардың мемлекеттік сараптамасының құрылғанына 20 жыл толуын тойлау туралы ақпараттық хабарлама

2008-05-15
Жобалардың мемлекеттік сараптамасының құрылғанына 20 жыл толуын тойлау туралы ақпараттық хабарлама

Қазақ ССР-ы Кеңесінің 1987 жылғы 23 шілдесіндегі №841 «Республикалық және жергілікті басқару органына бағынысты кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысының сметасымен жобалардың сараптамасын жетілдіру туралы» қаулысын жүзеге асыру шеңберінде ведомстволық сараптаманың тармақталған желілері жабылып 1988 жылы 8 тамызда Қазақ ССР-нің Мемлекеттік құрылыс жанынан Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының бас басқармасы құрылған.

Кейінірек, жүргізілген әкімшілік реформалар шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет қала құрылысына бақылауды жетілдіру туралы» 1996 жылғы 24 қаңтардағы №88 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. Осы шешімге байланысты Құрылыс министрлігінің Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасының департаменті жабылып, оның орнына “Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау” шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды және оның облыс орталықтары мен Ақмола, Алматы қалаларында еншілес кәсіпорындары ашылды (бұдан әрі “Мемсараптама” РМК).

Қазіргі кезде “Мемсараптама” РМК- ның 20 жылдығына арналған бағдарламалар мен іс-шаралар жоспары дайындалуда.

Осы мерейтойға қатысуға ниет білдірген барлық ұйымдар мына телефондарға: (7172) 21-61-51, факс (7172) 21-60-59, e-mail: bekmukhambetov@gosexpertiza.kz (“Мемсараптама” РМК Бас директорының орынбасары-ғалым хатшы Бекмұхамбетов Серік Қиырбайұлына) хабарласуларына болады.