Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2012-11-30 күнінлені Сараптама жүргізу тәртібі ревизиясы

Сараптама жүргізу тәртібі

1. Жобалардың сараптамасы олар бекітілгенге дейін жүргізіледі. Міндетті сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен одан өтпеген құрылысқа арналған жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы аяқталмаған болып саналады және одан әрі іске асыруға жатпайды.
2. Жобалардың жеке және заңды тұлғалар орындайтын сараптамасы шығындарды қаралатын жобаның құнына жатқыза отырып, шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік сараптама жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтерді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және бәсекелестікті қорғау жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша Мемсараптама белгілейді.
3. Жобалардың сараптамасы объектілерді пайдалануға енгізгеннен кейін олардың тұрақты жұмыс істеуін жобалық шешімдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарға:
1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттар мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешімдеріне және осы құрылыс учаскесінің (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестігіне;
2) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерде белгіленген жарылыс және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі міндетті талаптарды, инженерлік, энергия және ресурс үнемдеуші, экологиялық және санитарлық талаптарды сақтауға;
3) қабылданған көлемдік-жоспарлық және сындарлы шешімдердің, қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтың негізділігіне, құрылыс құрастырмаларының сенімділігі мен төзімділігіне;
4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген құрылыс көлемдерінің негізділігіне және орындылығына;
5) көрсеткіштердің, оның ішінде құрылыстың есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына арналған сараптамалық бағалауды қамтиды.
4. Сараптама жүргізген кезде жобаны әзірлеушіде жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының тиісті түрлеріне лицензиясының болуы немесе болмауы да белгіленеді.
5. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде ұсынады.
6. Ұсынылған жоба материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкестігі олар сараптама түскен күнінен бастан бес күнтізбелік күн ішінде тексеріледі.
Жобаның толық жинақталмағаны не оның құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместігі белгіленген жағдайда тапсырысшы (инвестор) не ол уәкілеттік берген бас жобалаушы жетіспейтін материалдарды ұсыну қажеттігі не жоба толық жинақталмағандықтан оны қайтару туралы хабардар етіледі.
7. Мемлекеттік сараптаманың құзыретіне жатпайтын және сараптамалық жұмыстар нарығының субъектілері жүзеге асыратын жобаларға сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы олардың тапсырысшымен жасасқан шарттарында белгіленеді.
Жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің мерзімдері мен ұзақтығы шартта белгіленеді, бірақ 45 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Техникалық жағынан аса күрделі объектілерді (кешендерді) салуға арналған жобаларға не Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін кешенді қала құрылысы құжаттамасына мемлекеттік сараптама жүргізген кезде оның ұзақтығы 60 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы мүмкін.
Техникалық жағынан күрделі емес объектілерді салуға арналған жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің ұзақтығы 15 күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
Мемлекеттік сараптама жүргізу ұзақтығының көрсетілген шектеулері жобалау-сметалық құжаттаманы кезең-кезеңімен әзірлеу және осы Ереженің 21-тармағында көзделген құрылысты кезең-кезеңімен жүргізу барысындағы сараптамалық сүйемелдеу режимінде оны жүзеге асыруға қолданылмайды.
8. Бекітілген жобалық шешімдерге және негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін өзгерістер (толықтырулар) енгізілетін жобалар жаңадан әзірленетін жобалар үшін белгіленген тәртіппен қайта сараптауға жатады.
9. Әзірленген және сараптама жүргізілгеннен кейін үш және одан да көп жыл ішінде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескірген болып саналады әрі заңнама белгіленген тәртіппен жаңадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекітілгеннен кейін ғана іске асыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
10. Осы бөлімге сәйкес жүргізілген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекітуге және оларды іске асыруды бастауға (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне және құрылыс жүргізуге рұқсаттар беруге) жол берілмейді.
11. Жобалардың сараптамасын жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғалар инвестициялардың тиімділігін талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне тәуелді емес. Өкілді, атқарушы органдар мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның сараптаманың кәсіптік қызметіне араласуға құқығы жоқ.
12. Жобалардың сараптамасын жүргізетін (мемлекеттік сараптаманы қоса алғанда) жеке және заңды тұлғаларға мынадай құқықтар беріледі:
1) жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жіберу;
2) тапсырысшы қорытындыларда келісілген шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда бұрын берілген оң қорытындыны кері қайтарып алу;
3) қаралып отырған жобаның мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар, сондай-ақ жобаны әзірлеуші жекелеген мамандар тұлғасындағы тапсырысшыларынан сараптаманы сапалы жүргізу үшін қажетті материалдар мен ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
4) белгіленген тәртіппен сараптама комиссияларын құру не сараптамаға қатысу үшін мамандарды тарту.
13. Сараптамаға жататын, бірақ мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретіне жатпайтын құрылыс жобаларының тапсырысшысы (инвесторы) өз қалауы бойынша сараптамалық жұмыстар нарығы субъектісінің лицензиясы бар кез келген жеке немесе заңды тұлғаны сарапшы ретінде таңдауға не жобалардың мемлекеттік сараптамасын жүзеге асыратын заңды тұлғаға жүгінуге құқылы.