Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2011-10-03 күнінлені «Мемсараптама» АЖ ревизиясы

Мемсараптаманың АЖ жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша ақпарат

2009 жылдың бірінші жартысында «Мемсараптама» РМК-ның негізгі (Бас) кәсіпорнында жобаларға мемлекеттік сараптаманы электронды түрде жүргізудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, ал осы жылдың екінші жартысында Мемсараптаманың АЖ аумақтық бөлімшелерде енгізілді.
2009 жылдың маусымында Мемсараптаманың АЖ шеңберінде Қазақстандағы Мемсараптаманың барлық ресупбликалық жүйесі үшін біртұтас тіркеу орталығы енгізілді, сонымен бірге біз осы арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сондай-ақ сараптау қорытындысын ресімдеу кезінде нөмір беруде және оны тапсырысшыларға беруде ашық болуға жол аштық. Бұдан басқа Бас кәсіпорында жалпы республика бойынша жобаларға мониторинг жүргізіледі, сонымен қатар мемлекеттік сараптама өтетін жобалар бойынша ақпарат ала алуға болады.
Мемсараптаманың АЖ-н енгізу басталғалы осы автоматтандырылған жүйенің әзірлеушілерін оқытушы ретінде тартып облыстардағы бөлімшелердің мамандарын оқыту бойынша республикалық семинар өткізілді, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелерінде оны енгізуге жауапты тұлғалар белгіленді. Республикалық семинар өткеннен кейін барлық тыңдаушылар осы курс бойынша сәйкес сертификаттар алды.
Осы күні Мемсараптаманың АЖ барлық аумақтық бөлемішелерде жұмыс істейді, мемлекеттік сараптаманың өндірістік қызметінің уақытша ресурсын азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ Мемсараптаманың АЖ жүйесі бойынша барлық жобаларды қарау барысында бақылау жүргізуге, оның ішінде шарттық және қаржылық операцияларға бақылау, жоба бойынша ескертпелер беруге мониторинг жүргізуге жол ашады.
2010 жылы «Мемсараптама» РМК Бас кәсіпорны мен оның аумақтық бөлімшелерінде жүйені жаңғырту мен тереңдетіп жетілдірудің Мемсараптама АЖ- енгізудің екінші кезеңін бастады. Екінші кезеңде сараптау қызметін оңтайландыру мен сапасын көтерудің жаңа қызметтерін енгізді, сондай-ақ Мемсараптама АЖ-нің қауіпсіздігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мемсараптаманың АЖ жүйесінің арқасында біздің РМК (оның аумақтардағы бөлімшелерін қоса алғанда) корпоративтік веб-ресурстағы интерактивті картаға жобалар бойынша ақпаратты орналастыра отырып жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттамасының қаралу барысын бақылап отыруға мүмкіндік ашылды, сонымен бірге сараптау қызметін ашық жүргізуді іске асыру бойынша іс-шаралар өткізілді.
2010 жылы қыркүйектің аяғы мен қазан айының басында Астана қаласында Мемсарпатаманың АЖ жұмысының қорытындысы бойынша кезекті республикалық семинар өткізілді, оған Бас кәсіпорын мен аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандары қатысты.
«Мемсараптама» РМК Мемсараптама АЖ-н келешекте де дамыта беруді жоспарлап отыр, жұмыс нәтижесі көрсеткендей тапсырысшылардан бастап, бас жобалаушылар мен сарапшылардың мемлекеттік сараптама процесіндегі барлық қатысушылардың жауапкершілігін көтеру мақсатында біздің қызметіміз тұрақты өзектілендіруді талап етеді.