Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2013-04-11 күнінлені 2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ «МЕМСАРАПТАМА» РМК-НЫҢ МАҚСАТЫ ревизиясы

«МЕМСАРАПТАМА» РМК-НІҢ 2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БІРІККЕН МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАРЫ

«Мемсараптама» РМК-нің біріккен менеджмент жүйесі саласындағы саясатын іске асыру аясында келесі мақсаттар белгіленсін:
1. 2013 жылғы ІІІ тоқсанда кәсіпорынға энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу.
2. 2013 жылғы ІІІ тоқсанда жобалау-сметалық құжаттаманы электрондық қабылдау жүйесін енгізуді аяқтау.
3. 2013 жылғы ІІІ тоқсанда «Мемсараптама» РМК-нің филиалдарына БСМ-ның талаптарын және ішкі нормативтік рәсімдердің жүргізілуіне құжаттық тексеріс жүргізуді қамтамасыз ету.
4. 2013 жылғы ІV тоқсанда «Мемсараптамама» РМК-де және оның аумақтық бөлімшелерінде мекемемен сертификатталатын инспекциялық аудиттер жүргізуге арналған материалдарды дайындау және жұмыстарды ұйымдастыру.
5. 2013 жылғы ІV тоқсанда деректердің резервтік көшірмесін жасаудың орталықтандырылған жүйесін енгізу.
6. 2013 жылғы ІV тоқсанда кәсіпорын қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру.
7. Тоқсан сайын «Мемсараптама» РМК-нің аумақтық бөлімшелерінің сараптама қорытындаларына мониторинг жүргізу.
8. 2013 жыл бойы мемлекеттік сараптама жүргізу барысында, іске асырылуы кезінде қоршаған ортаға әлеуетті залал, сондай-ақ адамдардың қауіпсіз өмір сүру жағдайына және жобаланып жатқан құрылыс объектісінің тұрақты қолданылуына қауіп (қатер) тудыратын қабылданған жобалау шешімдерінің нормативтік талаптардан ауытқуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету.
9. 2013 жыл бойы қаралатын жобаларда отандық тауар, жұмыс, қызметтерді пайдалану мониторингінің объективтілігін қамтамасыз ету.
10. 2013 жыл бойы кәсіпорыннын ішкі нормативтік құжаттарының көкейтестілігін қамтамасыз ету.
11. 2013 жыл бойы «Мемсараптама» РМК-дегі және оның аумақтық бөлімшелеріндегі бекітілген ішкі аудит бағдарламасына сәйкес бірлескен ішкі аудиттер жүргізуді қамтамасыз ету.
12. 2013 жыл бойы кәсіпорын қызметкерлерінің тақырыптық оқытуын жүргізуді қамтамасыз ету.
13. 2013 жыл бойы «Мемсараптама» РМК-нің ақпараттық активтерінің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету.
14. 2013 жыл бойы Бас кәсіпорында 2 реттен кем емес және әрбір аумақтық бөлімшеде 2 реттен кем емес апатқа қарсы жаттығулар жүргізу.