Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2013-07-17 күнінлені Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мақсаттары және саясаты ревизиясы

Біріккен менеджмент жүйесі саласында «Мемсараптама» РМК саясаты

Қоғамдық және жеке мүдделердің , адамның тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қолайлы жағдайы, жобаланған құрылыс нысандарын пайдалануға бергеннен кейін орнықты жұмыс істеуіне, тапсырысшылардың талаптарын барынша жоғары қанағаттандыруға «Мемсараптама» РМК басшылығы өз алдына келесі міндеттерді қойды:
1. ISO 9001: 2008 сапасы, ISO 1400:2004 экология, ONSAS 18001:2007 өнеркәсіптік
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, ISO/ IEC 27001 : 2005 ақпараттық қауіпсіздік саласында халықаралық стандарттардың талаптарына сай, біріккен менеджмент жүйесін үнемі талдау және әрдайым жетілдіру, «Мемсараптама» РМК
мақсаттарын және осы Саясаттарды жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды пайдалануға беру.
2. Жобаларды жан-жақты бағалау процесінде (жобалау алды немесе жобалық-сметалық құжаттарды), кәсіпорынның еңбек қызметінде сапа,экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және ақпараттық қауіпсіздік саласында сараптама жүргізуде заңнамалық және басқа да талаптарды мүлтіксіз
сақтауды қамтамасыз ету.
3. «Мемсараптама» РМК ұжымының жауапкершілігі және кәсіпқорлық деңгейін ұдайы арттыру жұмыстарын жүргізу және кәсіпорын қызметкерлерін толықтай жұмысқа тартуға барлық жағдай туғызу.
4. Кәсіпорын қызметінен қоршаған ортаға келеңсіз әсерін азайтуға ұмтылу және сәйкестіру арқылы «Мемсараптама» РМК –мен қаралған құрылыс жобаларынан техногендік жүктемелер және экологиялық аспектілерін анықтау, қауіп-қатерден болуын бағалау, қоршаған ортаға әсер ету деңгейін анықтау.
5. Әрдайым қауіп-қатерлер сәйкестігінің тәртібін жетілдіру, қауіп-қатерді бағалау,
еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік, кәсіпорында менеджмент жүйелері
жұмыс істеу аясында басқару шараларын орнату.
6. Әрдайым сәйкестіруде және кәсіпорында экономикалық менеджмент жүйелері жұмыс істеу аясында маңызды экологиялық қауіп-қатерлерді анықтау тәртібін жетілдіру.
7. Әрдайым кәсіпорын қызметінің қорытындысын талдау негізінде және тапсырыс берушілермен кері байланыс тәсілдерін, жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің сапасы жағынан толық қанағаттандыру мақсатында кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыру.
8. Кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін және ақпараттық қызметті тәуекелмен басқару,
түрлі қатерлердің жағымсыз әсерін азайтуды катамасыз ету.
9. Кәсіпорынның ақпараттық активтерінің бүтінділігін, қол жетімділігін және құпиялылығын қамтамасыз ету.
10. «Мемсараптама»РМК қызметкерлерінің жұмыс жағдайының қауіпсіздігін жақсарту және қамтамасыз ету.
11. Кәсіпорынның корпоративтік мәдениетін қолдау және жетілдіру.
12. Әрдайым «Мемсараптама» РМК және оның аумақтық бөлімшелерінде БМЖ саласында бірыңғай әдіснамалық негізін жетілдіру.

2013 жылға біріккен менеджмент жүйесі саласында «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының мақсаттары

«Мемсараптама» РМК –ның біріккен менеджмент жүйесі саласының саясатын жүзеге асыру аясында 2013 жылға «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының келесі мақсаттарын анықтау (бұдан әрі-«Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалы):
1. 2013 жылдың II тоқсанында ISO 9001:2008 сапасы, ISO 14001:2004 қоршаған ортаны қорғау, OHSAS 18001:2007 өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында «Мемсараптама» РМК БМЖ-де жұмыс істеуде басқарушылар жағынан талдау жүргізу.
2. 2013 жыл ішінде БМЖ жетілдіруде іс-шаралар жоспарын орындауды қамтамасыз ету.
3. 2013 жылдың ІII тоқсанында жобалық – сметалық құжаттарды электронды қабылдау жүйесін енгізуді аяқтау.
4. 2013 жылдың ІV тоқсанында кәсіпорын қызметкерлерінің медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру.
5. 2013 жыл ішінде қабылданған жобалық шешімдердің нормативтік талаптарын жүзеге асыруда қоршаған ортаға әлеуетті зиян келтіретін мониторинг ауытқуларын мемлекеттік
сараптама жүргізуде, сондай – ақ адамдардың тіршілік іс-әрекетіне қауіпсіздік және жобаланған құрылыс нысанының орнықты жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз ету.
6. 2013 жыл ішінде қаралатын жобаларда жұмыс және қызмет, отандық тауарды қолдануда мониторингтің дұрыстығын қамтамасыз ету.
7. 2013 жыл ішінде кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарын актуалдандыруды қамтамасыз ету.
8. 2013 жыл ішінде «Мемсараптама» РМК бекітілген ішкі аудиттердің бағдарламасына сәйкес, ішкі аудиттерді бірлесіп жүргізуге қатысу.
9. 2013 жыл ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің тақырыптамалық оқуға қатысуы.
10. 2013 жыл ішінде «Мемсараптама» РМК ақпараттық активтердің қол жетімділігін, бүтінділігін және құпиялығын қамтамасыз ету.
11. 2013 жыл ішінде «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне апатқа қарсы кемінде 2 рет жаттықтыру өткізу.