2011 жылға арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасы шеңберінде осы жылдың 17-нен 20 қазаны аралығына Астана қаласында «АҚМЖ менеджерлері мен ішкі аудиторларын дайындау (ISO 27001:2005)» республикалық семинары болып өтті. Семинар-оқуды «Интерсерт Консалтинг Центр Азия» ЖШС-нің мамандары жүргізді, ал тыңдаушылар «Мемсараптама» РМК-ның барлық аумақтық бөлімшелерінің біріккен менеджменті жүйесі бойынша жауапты мамандар. Оқудың негізгі мақсаты «Мемсараптама» РМК-ның мамандарын ақпарат қауіпсіздігі менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу міндетімен және тәртібімен таныстыру. Республикалық семинар қорытындысы бойынша ISO/IEC 27001:2005 ақпарат қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу оның келешекте қызмет істеуі мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорыны мамандарымен пікір алмасып талқыланды. Бұдан басқа семинарда алған білімдерін «Мемсараптама» РМК-да және оның облыстық еншілес кәсіпорындары мен Алматы мен Астана қалаларындағы филиалдарында ISO/IEC 27001:2005 АҚМЖ енгізу бойынша жұмыс жүргізу барысында практикада қолданатын болады.