Мәжілісте Алматы қаласы, Медеу ауданы эстакада және жол айырымын салу арқылы Шығыс айналмалы Автомобиль жолына дейінгі Төле би көшесін ұзарту құрылысының нобайлық жобасы, «Арайлым» тұрғын кешенінің, Гоголь көшесінің солтүстігінде, Масанчи көшесінің батысында орналасқан тұрғын кешенінің концептуалды жобасы, Достық даңғылының батысында, Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігінде орналасқан көп салалы әкімшілік-тұрғын кешенінің концептуалды жобалары талқыланып бекітілді, сондай-ақ, Республика сарайының оңтүстігінде, «Луганский» көшесінде орналасқан 3 жұлдызды қонақ үйі құрылысының жобасы қайта дайындалуға жіберілді.