Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

27-29-шы қыркүйек аралығында «Мемсараптама» РМК-да біріккен менеджмент жүйесінің қызмет етуі мен оны жетілдіру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес өтті.

2010-10-02

«Мемсараптама» РМК сарапшыларының кәсіби біліктілігін көтеру бойынша бекітілген бағдарламаға сәйкес 27-29 қыркүйек аралығында «Мемсараптама» РМК мен оның аумақтық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен біріккен менеджмент жүйесінің қызметі мен оны жетілдіру мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңес болып өтті.

Кіріспе сөз алған Бас директор Б. Ережепов семинардың негізгі мақсаты мен міндеттеріне, мемлекеттік сараптама жүргізу барысында туындайтын мәселелерге аса көңіл бөлу қажеттігін атап көрсетіп, біріккен менеджмент жүйесін тұрақты жетілдіру және оның қызмет етуіне тоқталып өтті.

Республикалық семинар барысында қатысушылардың алдында басндама жасаған: әдістемелік және ақпаратпен қамтамсыз ету бөлімі бастығының орынбасары Ғ.Махметов, осы бөлімнің бас маманы Ә.Мәрденов баяндамаларында БМЖ-нің ағымдағы жағдайы туралы және оны жетілдіру бойынша жұмыс жоспарлары туралы баяндады, «Мемсараптама» РМК жүйесінде біртұтас корпоративтік жүйе құру туралы; мемлекеттік сараптама жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтердің ашықтытығы туралы айта келіп, кәсіпорынның сайтының жаңа дизайнымен таныстырды.

Республикалық семинар шеңберінде мына тақырыптар бойынша лекциялық сабақтар өтті: «ТЮФ Интернациональ Рус» ААҚ мамандарының қатысумен «сериясы 9000, сериясы 14000 және сериясы 18000 OHSAS БМЖ стандарттарының талаптарына жауап беретін біріккен менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы».

Республикалық семинар қорытындысы бойынша «Мемсараптама» РМК бас кәсіпорны мен аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері біріккен менеджмент жүйесінің қызмет етуіне қатысты туындайтын мәселелер жөнінде пікір алмасты.