Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке біздің көпұлтты еліміздегі, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды.
Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Бүгінде біз бірлігіміздің арқасында еліміздің қайғысымен мен қуанышын тең бөлісіп, қиындықтарды бірге еңсеріп келеміз.
Біздің басты жетістігіміз – ортақ үйіміздегі тыныштық пен татулықтың сақталуы. Баршаңызды осынау мейірімділік пен достыққа үндейтін мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға бақыт және береке тілейміз!