Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Халықаралық дөңгелек үстел: аналогтары болмаған кезде жабдықтың бағасын сараптау алгоритмі

2025-05-02

2025 жылғы 30 cәуірде онлайн-форматта «Технологиялық жабдыққа арналған прайс бағалар жобасын сараптау шеңберінде қарау алгоритмі, ұқсас жобалар болмаған кезде салалық мамандандырудың материалдық ресурстары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Онлайн-кездесу «Мемсараптама» РМК (Қазақстан Республикасы) бастамасы бойынша ұйымдастырылды және оған Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Түркіменстаннан мамандандырылған сараптама мекемелерінің өкілдерін қатысты.
Іс шараның мақсаты – технологиялық жабдықтар мен материалдық ресурстардың сметалық құнын қалыптастырудың тәжірибесімен алмасу, әсіресе аналогтық жобалар болмаған жағдайда, сондай-ақ мұндай жағдайларда конъюнктуралық талдаудың рөлін талқылау.

Талқылаудың негізгі тақырыптары:
- Қазақстан Республикасындағы сметалық құжаттаманың құрамына коммерциялық ұсыныстар мен прайс-парақтарды қосу;
- Ұқсас жобалар болмаған кезде технологиялық жабдықтар мен ресурстардың сметалық құнын қалыптастыру ережелері;
- Нарықтық бағаларға конъюнктуралық талдау жүргізу шеңберіндегі сараптамалық ұйымдардың рөлі мен өкілеттіктері.

Дөңгелек үстел жұмысына сметалық бөлімшелердің, сараптама және баға белгілеу бөлімдерінің жетекші мамандары мен басшылары қатысты:
• Қырғыз Республикасы – Мемқұрылыс жанындағы Мемлекеттік сараптама департаменті;
• Беларусь Республикасы – «Главгосстройэкспертиза» РУП;
• Ресей Федерациясы – «Ресейдің Главгосэкспертизасы» ФАУ;
• Түрікменстан Республикасы – Құрылыс және сәулет министрлігі;
• Қазақстан Республикасы – «Мемсараптама» РМК.

Жиын барысында модератор ретінде «Мемсараптама» РМК бас директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары Саламат Серікқалиев сөз сөйледі.
Наталья Голованова мен Оксана Гурьева – «Ресейдің Главгосэкспертизасы» ФАУ өкілдері; Гүлмира Қойшебаева – «Мемсараптама» РМК (Қазақстан) баяндама жасады.

Дөңгелек үстел елдер арасында тәжірибе алмасу, аналогтар болмаған жағдайда мамандандырылған жабдықтардың құнын қалыптастыру мәселелерінде ашықтық пен объективтілікті арттыру үшін тиімді алаңға айналды. Қатысушылар құрылыс жобаларын бағалау бойынша одан әрі ынтымақтастық пен әдістемелермен алмасу қажеттігін атап өтті.