Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті

2025-05-03
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті
«Мемсараптама» РМК Наурыз мерекесін атап өтті

«Мемсараптама» РМК ұжымы мекеме аумағында көктемнің шуақты мерекесі – Наурызды салтанатты түрде атап өтті. Елордадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты мереке мамыр айының басында ұйымдастырылды.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов, ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бахытжан Жүнісбеков, сондай-ақ мекеме басшылығы, қызметкерлер мен ардагерлері қатысты.

Наурыз – қазақ халқының көне де маңызды мейрамдарының бірі. Ол күнтізбе бойынша жаңа жылдың басталуын, көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, молшылық пен келісімнің салтанат құруын білдіреді. Бұл мереке – бейбітшілік пен бірліктің, салт-дәстүрге құрметтің және халықтың рухани құндылықтарының символы.

Мекеме ауласында киіз үйлер тігіліп, дәстүрлі Алтыбақан орнатылды. Ұжым төрт командаға бөлініп (Шығыс, Солтүстік, Батыс, Оңтүстік), шығармашылық және аспаздық байқауларда бақ сынасты.

Бірінші байқау – ұлттық тағам Наурыз көже дайындау болды. Бұл тағам – береке мен молшылықтың нышаны. Екінші кезеңде әр команда қазақ халқының салт-дәстүрлеріне арналған сахналық көріністер көрсетті: құда түсу, көрісу, тұсау кесу, келін түсіру, жеті атаны білу және басқа да әдет-ғұрыптар. Барлық көріністер ұлттық киімдермен безендіріліп, сахналық қойылымдар мазмұнды әрі мәнді өтті. Көпшілікке арналып ұлттық тағамдар қойылған мол дастархан жайылды.

Шығармашылық байқаулар қорытындысы бойынша:
• 3-орын — Оңтүстік командасы
• 2-орын — Батыс командасы
• 1-орын — Шығыс командасы
• Гран-при — Солтүстік командасына бұйырды

Сонымен қатар, іс шара аясында гір көтеру, қол күресі сияқты спорттық жарыстар өтті. Бұл сайыстарға нәзік жандылар да белсене қатысты. Сондай-ақ, мақал-мәтел айту мен жаңылтпаш сайыстары ұйымдастырылды.

Бұл мереке қазақ халқының бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін дәріптеумен қатар, ұйым ішіндегі бірлік пен достықтың, өзара сыйластықтың айқын көрінісі болды. Қатысушылар мен қонақтар тамаша көңіл-күйге бөленіп, шынайы халықтық мейрамның атмосферасын сезінді.