Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2014-07-09 күнінлені Жалпы мәліметтер ревизиясы

Жалпы мәліметтер
Жалпы мәліметтер
Жалпы мәліметтер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӨҢІРЛІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОМММУНАЛДЫҚ ШАРУШЫЛЫҚ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ
«ЖОБАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ВЕДОМСТВОДАН ТЫС САРАПТАУ» ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫННЫҢ
(«МЕМСАРАПТАМА» РМК)
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ

Құрылыс жобаларына мемлекеттік сараптама жүргізу – салалық және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру барысында мемлекет пен азаматтардың мүдделеріне келтірілетін залалдың алдын алу және қауіп-қатерді төмендетуге арналған қызметтің әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, инвестициялық және басқа да салаларындағы мемлекеттік саясатты реттеудің пәрменді құралы. Осылайша, мемлекет ғимараттар мен имараттарды салу және пайдалану барысында олардың беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан азаматтарының өмір сүру, еңбек ету және демалуына қауіпсіз және қолайлы жағдай туғызу бойынша конституциялық міндеттемелерін жүзеге асырады.
Жобаларды мемлекеттік сараптаудың негізгі міндеті – жобаның сапасын бағалау, өйткені одан құрылысқа салынатын ресурстардың тиімділігі, тапсырыс берушілердің инвестициялық белсенділігі, ғимараттар мен имараттардың құрылыстық және пайдаланушылық сенімділігі, олардың сәулеттік мәнерлілігі. Қазақстан Республикасының Жобаларды Мемлекеттік сараптамасына 2014 жылдың 8 тамызында 26 жыл болады.
“Мемсараптама” РМК арнайы кәсіпорын ретінде қызмет еткен күннен бастап республикада құрылыс саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Атап айтсақ, апат, жарылыс, өрт және өзге де қатерлі жағдайларды ескертудің нәтижесінде жыл сайын көптеген миллиард бюджет пен бюджеттен тыс қаржы үнемделеді.
Мемсараптаманың негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттік қаржы мен өзге инвесторлардың қаржысын үнемдеу. Жобаларды қарау барысында Мемсараптама жыл сайын құрылысқа бөлінетін негізсіз шығындар мен мемлекеттік және инвесторлардың қаржыларын мақсатсыз пайдалануға жол бермеу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен тапсырмаларын, сондай-ақ басқа да директивті құжаттарды орындау барысында Мемсараптама экономика саласының мемлекеттік және салалық бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспарында қаралған жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізуіне ерекше көңіл бөледі. Соның ішінде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету және денешынықтыру, спорт, білім, денсаулық және т.б. дамыту бағдарламалары. Мемсараптама Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасын, атап айтқанда «Қол жетімді тұрғын үй-2020», индустриалды-инновациялық даму, Қазақстан көлік инфрақұрылымын дамыту, халықты "Ақ бұлақ" ауыз сумен қамтамасыз ету және тағы да басқа бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде жобалау құжаттамасын қарауға қатысады.
Сонымен қатар Мемсараптама мұнайгаз секторын, энергетикалық кешенін, кен өндіру өнеркәсібін және экономиканың басқа да салаларын дамыту жобалары арқылы көптеген жұмыстар атқарады.
Бүгінгі күні Мемсараптаманың алдына қойылған өзекті міндеттерді тиісті орындау үшін сараптама қызметінің, әдістемесінің үнемі жетілуін, сараптама өнімінің сапасын басқарудың жаңа жүйелерін енгізуін, отандық нормативтік-техникалық базасының халықаралық талаптармен сәйкес келуін талап етеді.
Мемсараптама қызметін жетілдіру жоспарына сәйкес тиімді жұмыс ұйымдастыру мақсатында кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шаралар өткізілді.
Сараптама қорытындыларының сапасын, сонымен қатар сараптама жасалған жобалардың сапасын жақсарту үшін атап айтқанда заңнамалық және басқа нормативтік актілер жобаларын, сараптама қызметінің мәселелері бойынша құжаттарды дайындауға қатысу арқылы нормативтік-әдістемелік және ақпараттық бағдарламалар, заңнамалық және нормативтік негіздерді жетілдіріледі.
Мемсараптаманың республикалық жүйесінің өкілі Астана қаласындағы бас кәсіпорын. Аймақтардағы жұмысты оңтайландыру, сонымен қатар тапсырысшылар сараптаманы жергілікті жерлерді жүргізу үшін облыс орталықтарында «Мемсараптама» РМК филиалдары қызмет етеді. Осындай филиал Көкшетау қаласында да қызмет атқарады. 2000 жылдың қазан айында Көкшетау қаласында штат саны 9 және штаттан тыс 15 адамнан тұратын «Мемсараптаманың» Көкшетау өкілдігі құрылды.
Сараптама жұмыстары көлемінің өсуі 2005 жылы «Мемсараптама» РМК Көкшетау өкілдігі негізінде «Мемсараптама» РМК шаруашылық жүргізу құқығындағы аймақтық еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Көкшетаумемсараптама» ЕМК-нің құрылуына себепші болды. (Құрылыс істері комитетінің Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың 2005 жылғы 13 маусымдағы №38 бұйрығы).
2012 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы істері агенттігінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 08 мамырдағы 2012 жылғы №591 Қаулысы негізінде «Көкшетаумемсараптама» ЕМК қайта құрылды.
«Мемсарапта» РМК 2012 жылғы 05 шілдедегі №127 бұйрығы негізінде «Мемсараптама» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалы құрылды.
Кәсіпорынның инфрақұрылымын жетілдіру шеңберінде «Мемсараптама» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының әкімшілік ғимараты салынды. 3-қабатты ғимарат, жалпы ауданы - 592,9 шаршы метр, Көкшетау қаласы, 8Март, 61 «А» мекенжайында орналасқан.
«Мемсараптама» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалының негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының республикалық және жергілікті инфрақұрылымдарының тіршілікпен қамтамасыз ететін экономиканың барлық салаларының, атап айтқанда энергиямен, сумен, жылумен жабдықтау, магистральдық көлік, байланыс, коммуникациялар, коммуналдық-тұрғын үй шаруашылығы және басқа да жүйелерінің объектілері мен кешендерін салуға жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға кешенді мемлекеттік сараптама жүргізу болып табылады. Өзінің қызмет ету ясында «Мемсараптама» РМК-ның Ақмола облысы бойынша филиалыҚазақстан республикасының Конституциясы мен заңдарын, ҚР Үкіметінің шешімдерін, ҚР Өңірлік дамыту министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы істері Комитетінің қаулылары мен бұйрықтарын, «Мемсараптама» РМК өкімдері мен бұйрықтарын және филиал туралы Ережесін басшылыққа алады