Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Су құбыры және кәріз жүйелерін жобалау және салу» тақырыбына семинар

2013-05-27
«Су құбыры және кәріз жүйелерін жобалау және салу» тақырыбына семинар
«Су құбыры және кәріз жүйелерін жобалау және салу» тақырыбына семинар
2013 жылдың 18 мамырынан 24 мамырға дейін Санкт-Петербург қаласында «Су құбыры және кәріз жүйелерін жобалау және салу» тақырыбына семинар өтті. Семинарға «Мемсараптама» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының иженерлік желілер секторының жетекші маманы Кононенко Н.М. қатысты. Семинар барысында Санкт-Петербург Архитектуралық-Құрылыс Басқармасының доценті Верхотурова «Кәріз желілерін жобалауға және салуға қазіргі заман талаптары» тақырыбына баяндама оқыды. Техникалық шешімдердің үлгілері қарастырылды. «Ленгражданпроект» ААҚ бас маманы Ивашкова Г.А. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жобалау бойынша маңызды нормативтік құжаттар» және «Ыстық сумен жабдықтау жүйелерін есептеу және сызбасын жасау.Жылу желілерін ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне қосу сызбасы» тақырыптарына сөз сөйледі. Жобалауда ең көп тараған қателерді талдау. Жобалау құжаттары тарауларының құрамына талаптар. ВК желілеріне жобалық құжаттарды бекіту және келісу, дайындау тәртібі бойынша практикалық ұсыныстар. РФ еңбегі сіңген құрылысшысы, РФ құрметті құрылысшысы Павлоцкий А.Е. «Қазіргі заманғы су құбыры жүйелері, темір арқаулар, жылылықты сақтағыш материалдарының физикалық-техникалық сипаттамасы. Су құбырларын және түрлі материалдарды қолдануда экологиялық сұрақтар» тақырыбына сөз сөйледі. Санкт-Петербург Архитектуралық-Құрылыс Басқармасының доценті Подпорин А.В. «Жобалауда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің энергиялық тиімділігін арттыру жолдары. Желілерді және сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін көп атқарымдық кешендерді, биік ғимараттарды жобалаудың ерекшеліктері. Сумен жабдықтаудың айналма жүйелері. «Таза» және «Лас» кезеңдер жүйелерінде тепе-теңдік концентрациясын есептеу. Семинар Петродворец қаласындағы тазарту имараттарына барумен аяқталды.