Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жобалау мекемелері өкілдерінің қатысумен кеңес.

2013-05-24
Жобалау мекемелері өкілдерінің қатысумен кеңес.
2013 жылдың 20 мамырында ҚР ҚжТКШ және құрылыс істері комитеті төрағасы орынбасарының тарсырмасын орындау барысында «ҚР ҚжТКШ істері агенттігінің СҚО бойынша МСҚБ және лицензиялау департаменті» ММ «Мемсараптама» РМК-ның СҚО бойынша филиалымен қоса жобалау ұйымдарының қатысуымен жобалаушылардың жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар және мемлекеттік объектілерді жобалаудың сапасы мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиналыста жобалаушыларға қатысты жауапкершілікті күшейту және құрылыс саласында заңнамадағы өзгертулер туралы жобалау ұйымдарының басшыларына хабарлаумен МСҚБ департаментінің басшысы Мұқажанов Қ.А., «Мемсараптама» РМК-ның СҚО бойынша филиалының басшысы Дорошенко В.И. сараптамаға келіп түсетін жобалау-сметалық құжаттама құжаттамасының сапасы туралы негізгі проблемалық мәселелерді көтерді. Жиналыс барысында жобалау ұйымдары сараптамаға ұсынатын ЖСҚ келісетін тапсырысшылармен және басқа ұйымдармен өзара әрекет жасау бойынша проблемалық мәселерді ортаға салды, сонымен қатар құрылыс мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар қарастырылды. Сараптаманың ескертулері бойынша қайта өңдеуге жіберілген жобалау-сметалық құжаттаманы жасаған жобалау ұйымдарының директорларымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың түсіндірмелері тыңдалды. Жиналыс қорытындысы бойынша жобалау ұйымдарына келесі ұсыныстар берілді: Жобалау жұмыстарын, жобалау қызметін жүзеге асытру барысында мемлекеттік норматвитердің және қолданыстағы заңнама талаптарын бұзушылықты жібермеу шараларын қабылдауға; Мемлекеттік объектілерді жобалау сапасын жақсартуға; Сараптама өткізу үшін қажетті бастапқы мәліметтерсіз мемлекеттік сараптамаға тапсыруды алып тастау; Тұрақты негізді жобалушылардың білім деңгейлерін қазіргі заманға сай технологияларды, бағдарламалар арқылы көтеру, біліктілікті жоғарылату бойынша арнайы курстарды өту, қазіргі заманға сай материалдардар мен жабдықтарды пайдалану бойынша көрмелерге қатысу;