Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстандық делегация АҚШ-тағы тау-кен кәсіпорынына барып қайтты

2013-12-03
Қазақстандық делегация   АҚШ-тағы  тау-кен кәсіпорынына барып қайтты
Қазақстандық делегация   АҚШ-тағы  тау-кен кәсіпорынына барып қайтты
Қазақстандық делегация   АҚШ-тағы  тау-кен кәсіпорынына барып қайтты
2013 жылдың 18 мен 26 қарашасы аралығында «Мемсараптама» РМК-нің жобаларды сараптау бөлімінің бастығының орынбасары Б.М. Иманбаев «FLSmidth» компаниясының шақыруы бойынша қазақстандық делегация құрамында АҚШ-тағы әрекеттегі тау-кен кәсіпорыны мен бас кеңсесіне барып қайтты. Сапардың негізгі мақсаты мыс пен молибден концентраттарын дайындау үшін кен байыту технологиясымен танысу болып табылатын. Сапар Павлодар облысында «Бозшакөл» тау-кен-байыту комбинатын салу бойынша жобаға сараптама жүргізумен байланысты. Делегация Невада штатындағы әрекеттегі «Робинсон» және «Феникс» кенішін, сондай-ақ «Кеннекотт Коппертон» байыту фирмасын (Юта штаты) аралады. «FLSmidth» компания кеңсесінде жобаның қарастырылатын барлық бөлімдері бойынша таныстыру болды. Компания сондай-ақ объект құрылысының жобасына сараптама жүргізу үдерісімен танысу мақсатында Солт Лейк Сити қаласының округтерінің бірін жоспарлау және дамыту басқармасының мамандарымен кездесу ұйымдастырды. «FLSmidth» компаниясы компаниясы тау-металлургиялық өнеркәсіп объектілерін жобалау және салу саласында әлемдік көшбасшылардың бірі және халықаралық стандарттарға сай өнім алуды қамтамасыз етеді.