Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметін реформалау мәселелері бойынша жиналыс

2014-02-17
Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметін реформалау мәселелері бойынша жиналыс
Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметін реформалау мәселелері бойынша жиналыс
2014 жылдың 13 ақпанында «Мемсараптама» РМК-де Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҚҰКП) өкілдерінің қатысуымен құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметін реформалау мәселелері бойынша жиналыс өткізілді. ҚҰКП жағынан жиналысқа ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі мен ТКШ комитетінің төрағасы А.Я. Белович, ҚҰКП-ның Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі мен ТКШ комитеті хатшылығының өкілдері Д.К. Богданов және А.А. Досанов, Қазақстан жобалаушылары қауымдастығының атқарушы директоры М.А. Бисаров, жобалаушы ұйымдарының өкілдері: А.А. Голубничий, Ж.С. Урумбаева, Г.Б. Құдайбергенов, В.Н. Горелкин, Н.А. Климаков қатысты. Жиналыс барысында «Мемсараптама» РМК-нің функцияларын сараптама жұмысы нарығына кезең-кезеңімен беруді көздейтін «Құрылыс объектілерін жобалау саласындағы сараптама қызметін реформалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңнамасының мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жобалаушы ұйымдар мен «Мемсараптама» РМК арасындағы ағымдағы мәселелер қаралды, бұл ретте сараптама жұмысы барысында туындайтын проблемаларды шешу кезінде бірлесіп жұмыс жүргізу туралы шешім қабылданды.