Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының батыс облыстарында өткен өңірлік семинар мәжіліс

2014-03-06
Қазақстан Республикасының батыс облыстарында өткен өңірлік семинар мәжіліс
Қазақстан Республикасының батыс облыстарында өткен өңірлік семинар мәжіліс
Қазақстан Республикасының батыс облыстарында өткен өңірлік семинар мәжіліс
Сараптама қызметін реформалау шеңберінде, сондай-ақ ашықтық пен айқындылық прициптерін қамтамасыз ету мақсатында жобалардың мемлекеттік сараптамасы 2014 жылдың 1 сәуірінен объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын электронды қабылдау жүйесін енгізеді. Осыған байланысты 2014 жылдың 4 наурызында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының батыс обылстарында өңірлік семинар мәжілісі өтті, күн тәртібінде: Объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамасын www.epsd.kz порталының көмегімен электронды қабылдаудың таныстырылымы қаралды. Семинар жұмысына «Мемсараптама» РМК-ның аппарат басшысы Т.А.Кәрімов, Атырау облысы әкімінің орынбасары Т.А.Шәкімов, «Мемсараптама» РМК-ның әдістемемен қамтамысз ету бөлімінің бастығы Е.Б.Ақанов, электронды форматта құжат қабылдауды әзірлеушілер «НАТ Қазақстан» АҚ компаниясының өкілдері қатысып баяндама жасады. Семинарға МСҚБ, жергілікті атқарушы органдардың, құрылыс және ТКШ бөлімдері мен басқармаларының, жобалау ұйымдарының – Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау обылстарындағы мемлекеттік сараптаманың әлеуетті тапсырысшыларының өкілдері шақырылды. Семинар барысында пікір алмасулар болып, сауалдама жүргізілді, мәселелерді талқылау барысында «Мемсараптама» РМК-ның Атырау облысы бойынша директоры Е.К.Кушмурзаев, Ақтөбе обылсы бойынша С.О.Лекеров, Батыс Қазақстан облысы бойынша Н.Ескендіров, Маңғыстау облысы бойынша Т.Хамиев сөз сөйледі. Осы жобаны іске асыру үшін «Мемсараптама» РМК мен филиалдарында ақпараттық жүйені енгізу бірыңғай электронды деректер базасы енгізілсе мемлекеттік сараптамаға жобалау құжаттамасын тапсыру кезінде өтініш беруші интерактивті өзара әрекеттесуге ұйымдастыруға қол жеткізеді. «Мемсараптама» РМК-дағы жоғарыда көрсетілген электронды қызметті жүзеге асыру жобалау-сметалық құжаттамасын қарауға тапсыру мерзімін қысқартуға, сондай-ақ өтініш беруші өзбетінше, дистанционды мемлекеттік сараптаманың жүргізілу барысын қадағалауына мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметті ұсынуға өтініш тапсыру мен мемлекеттік функцияны орындауды электронды түрде «жеке кабинет» порталы арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Интернет порталмен жұмыс істеу үшін электронды түрде ұсынылатын құжаттамалар талаптарымен танысып тіркелуден өту қажет. Көрсетілген талаптар интернет порталдың бас бетінде орналастырылған. Электронды форматта құжат тапсыру талаптары, сондай-ақ қажетті бастапқы-рұқсат беру құжаттарының тізбесін, порталмен жұмыс және өзге де ақпараттарды «Мемсараптама» РМК-ның ресми сайтынан табуға болады (www.gosexpertiza.kz).