Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Өскемен қаласында өткен электронды қабылдау жүйесімен таныстыру жөніндегі көшпелі семинар мәжіліс

2014-03-07
Өскемен қаласында өткен электронды қабылдау жүйесімен таныстыру жөніндегі көшпелі семинар мәжіліс
Осы жылдың 3-4 наурызында www.epsd.kz. порталының көмегімен объектілер мен кешендердің құрылысына арналған жобалау алдындағы және жобалау – сметалық құжаттаманы электронды қабылдау жүйесімен таныстыру бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары жобалау ұйымдарының өкілдерінің, бағдарлама әкімшілерінің, Өскемен, Семей, Павлодар қалалары сарапшыларының қатысуымен және «НАТ Қазақстан» компаниясы өкілдерінің құжаттарды электронды форматта қабылдау әзірлеушілерімен көшпелі мәжіліс өтті. Семинар-мәжіліс жұмысына Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Е.Х.Текешов, ШҚО бойынша МСҚБ және лицензиялау департаментінің басшысы М.Ж.Отарбаев, «Мемсараптама» РМК аппараты басшысының орынбасары Д.А.Тайсаринов қатысты. Мәжіліс барысы бұқаралық ақпарат құралдарында берілді (Қазақстан Өскемен, КТВ телеарналары, Кенді Алтай газеттері). Осыған ұқсас көшпелі семинар-мәжілістер Қазақстан Республикасының Оңтүстік және Орталық облыстары үшін Астана және Алматы қалаларында өтеді. Семинарды өткізу барысында «НАТ Қазақстан» компаниясы әзірлеушілерінің өкілдері енгізілетін бағдарламаны таныстырды, тест режимінде тәжірибелік сабақтар өткізді. Семинарға қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді сатып алуды ұсыну және мемлекеттік функцияларды орындауға өтініш беруді электронды түрде порталдың «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асыру ұсынылады. Интернет порталмен жұмыс істеу үшін электронды түрде ұсынылатын құжаттамалар талаптарымен танысып тіркелуден өту қажет. Көрсетілген талаптар интернет порталдың бас бетінде орналастырылған. Семинар барысында пікір алмасулар болды. Мәселелерді талқылау барысында «Мемсараптама» РМК аппараты басшысының орынбасары Д.А.Тайсаринов, «Мемсараптама» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша директоры Е.А.Тикибаев семинарға қатысушылардың назарын 2014 жылдың 01 сәуірінен бастап мемлекеттік сараптаманың барлық жүйесі ЖСҚ-н қабылдау осы форматқа өтетіндігіне тоқталып өтті. Мәжіліске қатысушыларға «Мемсараптама» РМК-дағы жоғарыда көрсетілген электронды қызметті жүзеге асыру жобалау-сметалық құжаттамасын қарауға тапсыру мерзімін қысқартуға, сондай-ақ өтініш беруші өзбетінше, дистанционды мемлекеттік сараптаманың жүргізілу барысын қадағалауына мүмкіндік береді. Электронды форматта құжат тапсыру талаптары, сондай-ақ қажетті бастапқы-рұқсат беру құжаттарының тізбесін, порталмен жұмыс және өзге де ақпараттарды «Мемсараптама» РМК-ның ресми сайтынан табуға болады (www.gosexpertiza.kz).