Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде схема, электронды моделдер құру және инженерлік есептер орындауға арналған геоақпараттық технология» тақырыбына өткен семинар

2014-05-23
«Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде схема, электронды моделдер құру және инженерлік есептер орындауға арналған геоақпараттық технология» тақырыбына өткен семинар
Қызметкерлердің біліктілігін көтеру, инженерлік инфрақұрылым жобаларының сараптамасы бойынша сарапшылар жұмысын автоматтандыру, Астана қаласында өткізілетін сараптама сапасын жақсарту мақсатында «Мемсараптама» РМК-ның бас кәсіпорнында «Сыртқы коммуникацияларды жобалау кезінде схема, электронды моделдер құру және инженерлік есептер орындауға арналған геоақпараттық технология» тақырыбына инженерлік желілер бойынша (жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру)»Мемсараптама» РМК-ның аумақтық бөлімшелері сарапшылардың қатысуымен республикалық семинар өтті. «ZULU» бағдарламалық кешенін әзірлеушілердің өкілі техника ғылымының кандидаты, доцент Григорий Григорьевич Крицкий және «Аудит Политерм» АҚБ-ның бас директоры Николай Николаевич Кузьмин республикалық семинарды өткізді. Семинар мемлекеттік сараптама жүргізу кезінде «ZULU» бағдарламалық кешенін қолдану оң мүмкіндіктер беретінін көрсетті және сарапшылардың қызығушылығын тудырды. Семинар барысында сарапшылар өздерін қызықтыратын мәселелерге жауап алды, сондай-ақ есептеулер жүргізуге нақты практикалық көмек көрсетті.