Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасының елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелерін жаңарту бойынша маңызды сұрақтар» семинар-кеңесі

2014-04-25
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілісінде барлық өңірлерде жобалық ұйымдар, өндіріс мекемелері, жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының елді мекендерін сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелерін жаңартудың маңызды сұрақтары бойынша семинар-кеңесін өткізу туралы шешім қабылданды. Семинарға БҚО бойынша сумен жабдықтау және су бұру бағдарламасының 14 операторы, 9 жетекші жобалық ұйымдар, БҚО 3 жоғары оқу орындарынан өкілдері, сондай-ақ «Мемсараптама»РМК БҚО бойынша филилының жетекші мамадары қатысты. Семинар-кеңесте 04.04.2014ж. бекітілген «Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұрғыш жүйелерін жаңарту бағдарламасы» бойынша ақпараттармен «Қазақ Суарнажоба» АҚ жетекші мамандары таныстырды. Талқылауға көптеген мүдделі мамандар қатысты. «Карлскрона» ЖШС өкілдері шығарған 80% қазақстандық үлесті құрайтын сорғы жабдықтарымен таныстырып ұсынды. Диаметрі 400 мм-ге дейінгі шығарылған диск бекітпесі бойынша ақпарат та берілді. WAVIN өкілдері сумен жабдықтау құбырларын және кәріздерді қайта қалпына келтірудің көрнекті ақпараттарын көрсетті. Пластик құдықтарды орнату, оларды жылдың өтпелі мерзімінде пайдалану кезінде темір-бетоннан артықшылығы (суықтан тоңданған және жібігенде құбырлардың пішіні өзгеруі (деформациялануы). «Қазақ Суарнажоба» АҚ семинарға қатысушы мамандарға ҚР ҚНжЕ-ге дәлелді өзгерістер енгізуге және қарастыруғу өздерінің ұсыныстарын жолдауды сұрады.