Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Санкт-Петербург қаласындағы «Политерм» ЖШҚ өткізген семинар

2014-08-27
Санкт-Петербург қаласындағы «Политерм» ЖШҚ өткізген семинар
2014 жылдың 04-09 тамызда «Мемсараптама» РМК өндіріс бөлімінің алты сарпшылары, соның ішінде «Мемсараптама» РМК ШҚО бойынша филиалының сарапшысы Санкт-Петербург қаласында өткен «Сызбанұсқауларды, электронды үлгілерді құру және сыртқы коммуникацияны жобалау кезінде инженерлік есептерді орындау үшін геоақпараттық технологиялар» тақырыбында «Политерм» ЖШҚ жүргізген семинарға қатысты. «Политерм» Компаниясы 1991 жылдан бастап, инженерлік коммуникацияларды өңдеуде компьютерлік үлгілері бойынша бағдарламалық жасақтама жасап шағарумен айналысады. Семинар бағдарламасының мақсаты, қолайлы және қол жетімді бағдарламалық жасақтаманың көмегімен инженерлік желілердің сызбанұсқаларын және математикалық модельдерді өңдеуді мамандарға таныстыру және үйрету болды. Бағдарлама жобалаушыларға және пайдалануға беретін ұйымдарға колдануға қажет. Дәрісті «Политерм» ЖШҚ директоры доцент Крицкий Г.Г. және «Политерм» ЖШҚ инженер-консультанттары Жуков Р. А., Емельянов Д.А. көмектесті. Семинар соңында бақылау жұмысын жазып, сертификаттар тапсырылды.