Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Бүкіләлемдік сәулетшілер күні

2014-10-06
Бүкіләлемдік сәулетшілер күні
Құрметті әріптестер! 2014 жылдың 6 қазаны әлемдегі сәулетшілердің кәсіби мерекесі – қазанның бірінші дүйсенбісі соңғы кезде Бүкіләлемдік сәулетшілер күні болып аталып жүр. Бұл мейрам Сәулетшілердің халықаралық одағымен (бұдан әрі - СМО) құрылған. Бас кезінде 1985 жылы СМО-ның жиналысында Бүкіләлемдік сәулетшілердің күнін жылсайын 1-ші шілдеде тойлау ұйғарылған. 1996 жылы Сәулетшілерлің халықаралық одағы өзінің Барселонадағы Бас ассамблеясында Бүкіләлемдік сәулетшілер күнін тойлауды қазанның бірінші дүйсенбісіне ауыстыру туралы қарар қабылдады. Сәулетшілердің халықаралық одағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден құрылды. Сол кездегі оның мақсаты соғыстан кейін қираған қалаларды, елді мекендерді және өнеркәсіп кәсіпорындарын – соғыстан кейінгі жағдайларды қалпына келтіру болды. КСРО сәулетшілер одағы СМО-ның құрылтайшыларының бірі болды және оның қызметіне белсене қатысты. Совет Одағы кезінде Қазақстанның сәулетшілері мен қала құрылысшылары 1934 жылдан бастап КСРО Сәулетшілер одағына өте бастады. Қазақстанның Сәулетшілер одағы 1993 жылдан өзбетінше кәсіби творчестволық бірлестік және СМО-ның ұлттық секциясы болып табылады. Қазіргі кезде СМО-да шығармашылық одақтың миллионнан аса ресми сәулетші мүшелері, жүзден аса ұлттық секциялары бар. Қазақстан Сәулетшілер одағы басқармасы атынан «Мемсараптама» РМК жүйесінде жұмыс істейтін барлық сәулетшілер мен қала құрылысшыларын, сондай-ақ Қазақстан СО-ның құрметті мүшесі болып табылатын аралас мамандықтары бар инженерлерді, сондай-ақ жобалау ұйымдарындағы, жоғарғы және орта оқу орындарындағы, салалық ғылым мен мемлекеттік органдардағы біздің әріптестерді шын жүректен құттықтаймын, еңбектеріне табыс тілеймін. С.Бекмұхамбетов