Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тілге құрмет - елге құрмет».

2014-10-06
«Тілге құрмет - елге құрмет».
2014 жылғы 6-қазанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Президентіміздің Жолдауында айтылған «Үш тілдік тұғыр» бағдарламасы аясында Қазақстан халқының тілдері күніне байланысты іс-шара өткізілді. Іс - шараны өткізуге барлық қызметкерлер ат салысты. Шараны жүргізушілер тілдің құдіреті, тілдің маңызы туралы айта келіп, бір сәтке тіл құдіретін сезіну үшін поэзия кешін тамашалауға шақырды. Филиал қызметкерлері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең жолдарынан шашу шашып, жұртты поэзиямен сусындатты. Поэзия шарасын филиалымыздың Карманов Шымыр Досмурзиевич Абайдың қара өлеңімен бастап берді. Шара барысында әр қызметкер осы тілге қатысты өз жадынан шыққан сырларымен, әңгімелерімен бөлісті. Шара барысында атақты ақындардың өлеңдері оқылып, Қазақстан туралы слайд көрсетілді, қазақтың қара домбырасы күмбірледі. Аталған шараның мақсаты – осы кәсіпорын қызметкерлерінің арасында тілді дәріптеу, тілдің қасиетін ұғындыру еді. Бұл шара өзінің көздеген мақсатына жетіп, жоғарғы деңгейде өтті.