Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс

2015-12-16
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
2015 жылғы 15 желтоқсанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, бүгін біз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 24 жылдығын атап өтіп жатқанымызды атап көрсетті. Тәуелсіздік жылдары біздің қандай биіктерді ала алатынымызды көрсетіп, өз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік берді! «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында халқымыз көп нәрсеге қол жеткізді. Бейбітшілік пен келісімді алдыңғы орынға қоя отырып, үлкен реформаларды жүзеге асыра отырып, біз бәріміз бірге егемен және гүлденген мемлекет құрып жатырмыз. Сонымен бірге алдағы уақытта болатын халықаралық «EXPO-2017» көрмесі Қазақстанымызды тағы да бір белеске көтеретін болады. Біздің бәріміздің Қазақстан Республикасы Президентінің жақында Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауымен белгіленген болашақтағы жолдарымыздың айқын бағдары бар, деп атап өтті С.О. Лекеров өз сөзінде. . Өз сөзінің аяғында филиал директоры ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамоталар тапсырды. Сонымен, құрылыс кешеніндегі жоғары біліктілігі, мінсіз еңбегі үшін «Қазақстан Құрылысшылар ассоциациясы» Республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің Құрмет грамоталарымен «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директорының орынбасары Д.Ш. Балтагулов, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының жиынтық бөлімінің бастығы А.К. Акинов марапатталды. Сондай-ақ, республикамыздың құрылыс кешенінің дамуына қомақты үлес қосқаны және өндірістік қызметте жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін «Құрылыс кешені мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ББ Мақтау грамоталарымен «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлім бастығының орынбасары М.Б. Курмангалиев, «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының инженерлік желілер мен имараттар секторының сарапшысы М.М. Инсанбаева марапатталды. Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз және еліміздің гүлденуін, ертеңгі күнге сенім мен рух тұрақтылығын тілейміз!