Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша семинар-кеңес

2015-12-21

Жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі –ЖСҚ) электрондық қабылдау мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай ақпараттық жүйесінің қызметін (ВКСБАЖ) жетілдіру және кеңейту бойынша жасалатын шаралар аясында 2015 жылғы желтоқсанның 14-нен 15-не дейін Астана қаласында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің ЖСҚ және ВКСБАЖ әкімшілерінің және «NAT Kazakhstan» АҚ ақпараттық жүйелерін әзірлеушілердің қатысуымен республикалық семинар-кеңес болып өтті. Семинар-кеңес өткізудегі негізгі мақсат – 2015 жылғы бизнес үдерістерін автоматтандыруға байланысты шаралар аясындағы әзірленген және енгізілген қызметтер бойынша жұмыс қорытындыларын шығару және 2016 жылға ақпараттық жүйелерді жетілдіру бойынша міндеттерді қалыптастыру. Кеңес барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен ЖСҚ және ВКСБАЖ жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне байланысты ағымдағы мәселелерді және ескертулерді талқылады. Кеңес қорытындылары бойынша «Мемсараптама» РМК ақпараттық қамтамасыздау бөлімі бастығының орынбасары А.Ж. Касимов 2015 жылы салалық сараптамалық органдардың ақпараттық жүйелеріне қатысумен ВКСБАЖ жүйесін бір терезеден қағидаты бойынша енгізуге байланысты көп жұмыстар атқарылғанын атап көрсетті, және келесі жылы жұмыс орындарында түбегейлі біріккен жұмыстар атқаруға байланысты жақсы тілектерін айтты.