Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Құрылысшылар күнін тойлау!

2017-08-12
Құрылысшылар күнін тойлау!
Құрылысшылар күнін тойлау!
Құрылысшылар күнін тойлау!
Құрылысшылар күнін тойлау!
«Мемсараптама» РМК-нің Алматы қаласындағы филиалында ұжымдағы моральдық-психологиялық жағдайдың жақсаруына және достық қалыптың орнауына үлкен көңіл бөлінеді. Тимбилдинг өткізу корпоративтік мәдениетті қалыптастырудың аса маңызды факторы болып табылады. 2017 жылғы 12 тамыз күні «Сұңқар» демалыс базасында кәсіби мереке – Құрылысшылар күніне арналған корпоративтік тимбилдинг өткізілді. Құрылысшылар күні тамыз айының екінші жексенбісінде, посткеңестік елдерде 1956 жылдан бері аталып өтіледі. Шара барысында Қазақстан Республикасы мен қаланың құрылыс саласына зор үлес қосқан белсенды қызметкерлер марапатталды. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен филиал директоры С. Лекеров «Құрметті құрылысшы» атағымен марапатталды. Өндірістік бөлімнің сарапшысы И. Шаповалова Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрілігінің Құрмет грамотасымен, сонымен қатар өндірістік бөлімнің сарапшысы А. Казыбекова Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрілігінің алғыс хатымен марапатталды. Алматы қаласы әкімінің алғыс хатымен филиал директорының орынбасары - Д. Балтагулов марапатталды. Алматы қаласы әкімінің орынбасарының алғыс хаты өндірістік бөлім бастығының орынбасары Л. Манапбаеваға, сарапшылар М. Томановқа, А. Абайбековаға, А. Наурызбековаға ұсынылды. Қазақстан құрылысшылары ассоциациясының құрмет грамотасымен сарапшылар Курумбаева Д.Д., Качанова Л.И., Смагулова Л.Т., Шолпанбаев М.Е. және жетекші маман - Куатбекова А.С. марапатталды. «Қазақстан Республикасының Құрылыс кешені және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен бас маман Акимжанов С.Ж. марапатталды. Шараның екінші бөлімінде ұжым екі топқа бөлініп, түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады. Командалық ойындар қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.