Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге шолу» тақырыбындағы семинар

2017-09-19
«Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге шолу» тақырыбындағы семинар
«Мемсараптама» РМК-нің 2017 жылға арналған жұмыскерлерді кәсіби оқыту жоспарына сәйкес 2017 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге шолу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар: «Мемсараптама» РМК-нің орталық аппаратының заң бөлімі жұмыскерлері және филиалдарының заңгерлері. Семинарда сот тәжірибесіндегі азаматтық және азаматтық процессуалдық құқықтардың маңызды мәселелері: 1.1. Моральдық зиянды өтеу. Деликт зиянды өтеу үшін негіз ретінде. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: құқықтық реттеу. «Соттардың моральдық зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы № 7 нормативтік қаулысы – қолданылу мәселелері. 2.1. Авторлық құқық және жобалау-сметалық құжаттама. Авторлық құқық және мердігер шарты: жалпы ережелер. Жобалау-сметалық құжаттамадағы авторлық құқықтың нысаны. 3.1. Жеңілдетілген (жазба) өндіріс. Істі дайындау сатысы. Азаматтық процесстегі бітістіру рәсімдері. Дәлел және дәлелдеу. Сот актілеріне таласу. Жеңілдетілген (жазба) өндірістің тәртібі. Жеңілдетілген (жазба) өндіріс тәртібіндегі істерді қарастырудың ерекшеліктері. Жеңілдетілген (жазба) өндіріс тәртібінде қаралып жатқан іс бойынша шешім. Семинар аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берілді.