Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбындағы дөңгелек үстел

2017-08-10
"Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбындағы дөңгелек үстел
"Қазақстан Республикасында жемқорлыққа қарсы күрес" тақырыбындағы дөңгелек үстел
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Департаментінің бас маманы А.Е. Сатанов Біздің мемлекетіміздің президенті Н.ә.А. Назарбаев өзінің 2017 ж. 31 қаңтардағы Жолдауында " Қазақстанның Үшінші жаңғыруы- жаһандық бәсекеге қабілеттілік" сыбайлас жемқорлықты еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін негізгі қауіпке жатқызады. себебі сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық саласына: экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа зиянды әсер етеді. Қазақстан Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.А. Назарбаевтың бастамасымен 2014 жылы 2015-2025 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясын қабылдаумен жемқорлық көріністердің алдын алуға бағытталған негізінен алдын алу іс-шараларын пайдалана отырып, жемқорлыққа қарсы саясатқа сапалы жаңа тәсіл анық белгіленді. Осының салдарынан тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеді, әкімшілік кедергілер айтарлықтай қысқартылды, мемқызмет көрсету сапасы жоғарылады. А.Е. Сатанов өз сөзінде СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыстың жай-күйі туралы, мемлекеттік сектор саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдер, халықаралық рейтинг, сондай-ақ анықталған жемқорлық қылмыстардың осы салада 2 есеге артқанын көрсеткен 2016 жылдың социологиялық зерттеулер нәтижелері туралы айтты. Филиал қызметкерлерімен Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша хабарлаған адамдарды көтермелеу туралы Ережелер түсіндірілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді. Өз кезегінде А. Е. Сатанов қызметкерлерді нөлдік төзімділік пен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмауға шақырды.