Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мүгедектер мен халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына арналған ғимараттар және имараттарды, қол жетімді ортаны жобаландыру ерекшеліктері» атты тақырыптағы семинар

2017-11-12
«Мүгедектер мен халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына арналған ғимараттар және имараттарды, қол жетімді ортаны жобаландыру ерекшеліктері» атты тақырыптағы семинар
2017 жылғы арналған «Мемсараптама» РМК қызметкерлерін кәсіби оқыту жоспары шеңберінде 2017 жылғы 08 қараша мен 11 қараша аралағында Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) қаласында «Мүгедектер мен халықтың мүмкіндігі шектеулі тобына арналған ғимараттар және имараттарды, қол жетімді ортаны жобаландыру ерекшеліктері» атты тақырыпта семинар өтті. Аталған семинарға «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының өндірістік бөлімінің сарапшысы А.Т. Абайбекова қатысты. Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды: халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына әртүрлі инфрақұрылымды объектілерге қол жетімділікті қамтамасыз ету заңнамасы, нормативті-құқықтық және ұйымдастырушылық құжаттары, қолданыстағы ҚНжЕ, халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қол жетімді ортаны жобалау мәселелері бойынша ҚЕ, жаңа және қолданыстағы объектілерді реконструкциялау бойынша салалық және өңірлік әдістемелік құжаттар, сараптама талаптары және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарына қол жетімді ортаны қамтамасыз ету бойынша жобалау құжаттамасының тарауларын келісу мәселелері және т.б. Семинар аяқталғаннан кейін А.Т. Абайбековаға курсты сәтті аяқтағаны туралы куәлік берілді.