Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қатысуымен «Жоғарғы құқықтық мәдениет, қоғамдағы жемқорлықты азайтудың негізі іспеттес» атты тақырыпта семинар

2018-02-22

2018 жылғы 22 ақпанда «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының мәжіліс-залында 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын, сонымен бірге 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жолындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауының (бұдан әрі – Жолдау) 9 бастапшылығын жүзеге асыру мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының «бұдан әрі – «Жаңару» РҚБ АҚФ) директоры К.К. Ускенов, «Мемсараптама» РМК Ішкі бақылау бөлімінің бас маманы Рахманкулов А.Ж., Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департменті өкілдерінің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департменті өкілдерінің, Халықаралық құқық қорғау орталығы өкілдерінің қатысуымен «Жоғарғы құқықтық мәдениет, қоғамдағы жемқорлықты азайтудың негізі іспеттес» атты тақырыпта семинар өткізілді. Семинарды өзінің кіріспе сөзімен «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының «бұдан әрі – «Жаңару» РҚБ АҚФ) директоры К.К. Ускенов ашты. Ол «ЖАҢАРУ» РҚБ АГФ басты мақсаты Қазақстан Республикасы Елбасының бастамасын қолдау, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру екенін атап өтті. Құқықытық мемлекттің құрылу жолындағы ең басты кедергінің бірі – ол жемқорлық мәеселесі. Одан әрі «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров өз сөзімен жалғастырды, ол «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалымен үнемі филиал қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отырады, яғни дәрістер, семинарлар өткізіліп отыратын жайлы айтып өтті. Бүгінгі өтіп отырған семинар осының дәлелі. Аталған шараның мақсаты – заманауи қоғамдағы жемқорлыққа қарсы іс әрекет бойынша бірлескен қызметті үйлестіру алаңын ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің маңызды факторлары ретінде тәрбиелейтін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді кезеңдік дамыту мен мақсатты ендіру. «2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің №986 Жарғысын жүзеге асыру барысы туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының бас маманы С.С. Алимжанов айтып өтті. Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлық туралы ескерту және алдын алу» тақырыбындағы баяндамасымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департментінің аға офицері Н.А. Мекешов, және «Құқықтық мәдениет – қоғам мәдениеті мен жеке тұлғаның басты элементі» атты тақырыбындағы баяндамасымен Халықаралық құқық қорғау орталығының координаторы А.О. Заманбекова сөйледі. Семинар қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылданды: 1) «2015-2025 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің №986 Жарғысын және 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өндірістік революция жолындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауын мәліметке алу; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған мемлекет Елбасының саясатын қолдауға барлық күш жігерімізді жұмсау. 3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын жалғастыру.