Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы қаласында «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» атты тақырыпта Халықаралық конференция өтті.

2018-03-02
Алматы қаласында «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» атты тақырыпта Халықаралық конференция өтті.
Алматы қаласында «Құрылыс саласының цифрлық трансформациясы» атты тақырыпта Халықаралық конференция өтті.
2018 жылғы 2 наурызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаурашылық істері комитетінің қолдауымен, «ҚҚСҒЗИ» АҚ ұйымдастыруымен «Құрылыс саласының сандық трансформациясы» атты Халықаралық конференция өтті. Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы құрылыс саласы өкілдері, сонымен қатар Ресей, Беларусия, Литва мемлекеттерінің делегаттары қатысты. Қатысушылар қазіргі таңдағы қол жетімді құрылыс процессін цифрлендіру құралын талқылап және «ақылды қала» цифрлық ортасын салу саласындағы бағыттары туралы айтып өтті. Сонымен бірге, талқылатын тақырып құрылыс объектілерін ақпараттық моделдендіру технологиясы болды. «ҚҚСҒЗИ» АҚ шақыртуымен конференция жұмысына «Мемсараптама» РМК делегациясы ретінде бас директор Т.Д. Карагойшин қатысты. Сонымен қатар конференцияға «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының директоры С.О. Лекеров, өндірістік бөлімінің жетекші маманы Ә.А. Орынбасов қатысты. «Мемсараптама» РМК Бас директоры Т.Д. Карагойшин ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізудегі «бір терезе» қағидаты жайлы және сараптама қызметін цифрлендіру бөлігі бойынша кәсіпорынмен атқарылып жатқан жұмыстары жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, бір сараптама ұйымымен жүзеге асырылатын, ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу процессіне экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық сараптама қосылғалы қол жеткізілген оң қорытындылар жайлы да айтып өтті. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы халықаралық конференцияны ұйымдастырып, қатысуға шақырғандары үшін алғыс білдіреді.