Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді

2018-03-16
Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді
Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді
Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді
Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді
«Мемсараптама» РМК жастарын қолдау, сондай-ақ Кәсіпорынның жағымды беделін қалыптастыру мақсатында, бас директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Қ.Ж. Қажкеновтің бастамасы бойынша 2018 жылғы 15 наурызда Жастар кеңесінің жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында Жастар кеңесі Төрағасы қайта сайланды және «Мемсараптама» РМК Жастар кеңесінің құрамы жаңартылды. Сайлау Жастар кеңесінің барлық өкілдерінің ашық дауыс беруі түрінде жүргізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Л.М. Айзақова - Жастар кеңесінің төрағасы, С.Б. Серікхалиев және М.Б. Шаймерден - Жастар кеңесі төрағасының орынбасарлары, А.Ә. Қонақбаева - хатшы болып тағайындалды. Жастар кеңесінің құрамына жиналыс қатысушалырының ұсыныстары бойынша «Мемсараптама» РМК құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері, ең бастамашы және белсенді жас қызметкерлері енгізілді. Жиналыс қорытындысы бойынша Жастар кеңесінің 2018 жылға арналған жоспарын жасау және оның одан арғы қызметін қамтамасыз ету бойынша шешім қабылданды.