Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар

2018-03-02
«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу»  тақырыбына семинар
«Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу»  тақырыбына семинар
"KAZGOR" Жобалық академиясы «Қазақстан Республикасында заманауи кезеңде құрылыстағы сметалық нормалау және баға белгілеу» тақырыбына семинар өткізді. "Мемсараптама" РМК-нің Қостанай облысы бойынша филиалының сметчик - сарапшылары Л.А.Клюкина және А. С.Татиева қатысты. Семинарда: Қазақстан Республикасында құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша, үстеме шығыстардың шамасын және салудың сметалық пайдасын анықтау бойынша, құрылысты ұйымдастыру жобасының шешімдеріне байланысты қосымша шығындарды анықтау бойынша нормативтік құжаттар қарастырылды. Сонымен қатар: құрылыстың сметалық құнын ірілендірілген көрсеткіштер, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды салуға арналған шығындарының сметалық нормаларын, қысқы уақытта құрылыс-құрастыру жұмыстарын өндіру кезінде қосымша шығындардың сметалық нормаларының жинақтарын қарастырды. Құрылыс, жөндеу-құрылыс жұмыстарына және құрылғыларды бөлшектеуге арналған ресурстар шығындарының элементтік сметалық нормалар жинақтарына өзгертулер мен толықтыруларыда қарастырылды. Семинар соңында қатысушыларға куәліктер табысталды.