Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2018 жылғы 05 шілдеде «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының мәжіліс-залында Қазақстан Республикасының астанасы-Астана қаласының 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

2018-07-05
Жиналыс «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалы директорының м.а. А.Г. Хусаиновтың сөз сөйлеуімен басталды. Ол филиал ұжымын алда келе жатқан мерекемен құттықтап, осы жылдары астананың еліміздің тәуелсіздігінің белгісіне айналғаның, Мемлекет басшысы бастамаларының жүзеге асып келе жатқанын, Қазақстанның қоғамдық-саяси және мәдениет орталығына айналғанын атап айтты. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ұжымы барлық қазақстандықтарды Астана қаласының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтайды. Біздің астанамыз барлық әлемді таңғалдырып, әрқашанда гүлдей берсін!