Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының ардагаерлерін құттықтау

2018-08-07

2018 жылдың 7 тамызында «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалында (бұдан әрі - филиал) Жобаларға мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жасаудың құрылғанына 30 жыл толуы құрметіне және «Құрылысшылар күні» кәсіби мерекесі қарсаңында Мемсараптама» РМК жүйесінде ұзақ жылдар еңбек еткен еңбек ардагерлерін салтанатты түрде құттықтау рәсімі өтті. Құрметті демалыстағы еңбек ардагерлерін мерейтоймен және кәсіби мерекемен видеобайланыс арқылы «Мемсараптама» РМК бас директоры Т.Д. Карагойшин құттықтады. Ұжымның құрметті ардагерлеріне кәсіпорынның өркендеуіне қосқан зор үлестері, жұмсалған күш-қуаты, білімі мен тәжірибесі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, құрметті қонақтарды филиал директоры С.О. Лекеров құттықтап, кәсіпорын атынан «Мемсараптама» РМК-ның мерейтойлық төсбелгісін келесі ардагерлерге табыстады: Байбатшаев А.Г., Гончаренко В.А., Колдасбаев С.Б., Тастанбеков А.Т., Анфилогова В.Д., Качанова Л.И. «Мемсараптама» РМК Алматы қаласындағы филиалының «Мемсараптама» РМК қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі атынан барлық қонақтарға естелік сыйлықтары берілді. Жобаларға мемлекеттік ведомстводан тыс сараптама жасау ісінің дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін ардагерлерге алғыс білдіреміз.