Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»- Powerexpo Almaty 2018 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысу туралы

2018-10-25
«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»- Powerexpo Almaty 2018 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысу туралы
«Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау»- Powerexpo Almaty 2018 17-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысу туралы
2018 жылғы 23-25 қазан аралығында Алматы қаласында «Энергетика, Электротехника және Энергетикалық машина жасау» - Powerexpo Almaty-2018» 17-ші Қазақстандық халықаралық көрме өтті. Көрмеге «Мемсараптама» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласындағы филалының өндірістік бөлімі сарапшысы Л.Т. Смагулова қатысты. Халықаралық көрмеге 13 елдің 110-нан астам компаниялары қатысты, оның ішінде Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Өзбекстан, Чехия және тағы да басқа елдер болды. Көрме бағдарламасында тақырыптық дөңгелек үстелдер, іскерлік кездесулер мен семинарлар белгіленді. Осылайша, «Силумин-Восток», «АКЭТО», «Alageum Electric», «Современные инновационные технологии», «Электроприбор», «НПО МИР» және «RSP COMPANY», «Корпорация Сайман» компанияларының семинарлары өткізіліп, сонымен қатар «Энергияны үнемдеу, электр құралдары мен жабдықтардың энергиялық тиімділігін арттыру» және «Тұрмыстық аспаптарды байқау мен сертификаттау саласының, сонымен бірге тәуелсіз сынақ зертханалары қызметінің ағымдық жағдайы мен келешегі» тақырыбында дөкгелек үстел өтті. Көрменің үшінші күнінде Қазақстанның Энергоаудиторлар Қауымдастығы дәстүрлі түрде энергоаудит мәселесі жөнінде кезекті оқыту семинарын өткізді. Семинарда энергоаудит жүргізу әдістемесі бойынша мәселелер, әзірленетін қорытындылардың сапасын арттыру бойынша қорытындылар әзірлеу мен ұсыныстар беру барысында әдеттегі қателер мәселелері және ISO 50001-2018 энергетикалық менеджмент жүйесіндегі өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.