Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша қызметкерлері «Сейсмикаға төзімді құрылыстың негіздері» тақырыбындағы семинарға қатысты.

2018-11-29
"Мемсараптама" РМК Солтүстік өңірі бойынша қызметкерлері «Сейсмикаға төзімді құрылыстың негіздері» тақырыбындағы  семинарға қатысты.
2018 жылдың 13-14 қарашасында «Мемсараптама» РМК-да «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ-мен ұйымдастырылған «Мемсараптама» РМК филиалдарының қызметкерлеріне арналған «Сейсмикаға төзімді құрылыстың негіздері» тақырыбында семинар өтіп, оған «Мемсараптама»РМК филиалдарының қызметкерлері, сондай-ақ сарапшылар қатысты. Семинарды өзінің кіріспе сөзімен бастаған Бас директордың орынбасары Н.П.Тихонюк Қазақстан аумағының үштен бірі сейсмикалық белсенділігі жоғары аймақтарда орналасқандықтан, кәсіпорын қызметі үшін қажет болып табылатын осы оқудың маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында келесі тақырыптар қарастырылды: сейсмикалық және сейсмикалық қауіптілік, әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы бұрынғы жер сілкіністері және әлеуетті болашақ жойқын зілзалалар, сейсмикалық әсер, ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық әсерге төтеп бере алу есебі, Еуропалық Ынтымақтастық елдеріндегі, сондай-ақ Қазақстанның сейсмикалық қауіпті өңірлеріндегі нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың заманауи жағдайы және т.б. Семинардан соң аттестаттаудан сәтті өткен тыңдаушыларға тиісті аттестаттау куәліктері табысталды.