Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына семинар

2018-11-01
«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
«Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына семинар
Біліктілікті арттыру мақсатында «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының 80 жұмыскеріне арналған «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ұйымдастырған «Сейсмикалық тұрақты құрылыс негіздері» тақырыбына өңірлік семинарлар өткізілді. Семинарлар: 1) Алматы қаласында 2018 жылғы 6 қарашадан 7 қараша аралығында; 2) Талдықорған қаласында 2018 жылғы 11 қазаннан 12 қазан аралығында; 3) Астана қаласында 2018 жылғы 13 қарашадан 14 қараша аралығында; 4) Ақтөбе қаласында 2018 жылғы 24 қазаннан 25 қазан аралығында; 5) Өскемен қаласында 2018 жылғы 30 қазаннан 31 қазан аралығында өткізілді. Семинарлар барысында мынадай мәселелер қаралды: 1. Жер сілкінісінің түп негізі және себептері. 2. Сейсмикалық және сейсмикалық қауіптілік. Әлем кеңістігінде және Қазақстан Республикасында болып өткен және болашақта болуы мүмкін қиратушы жел сілкіністері. 3. Сейсмикалық әсерлер. Ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалық әсерлерге есептері. 4. Еуропалық Достастық елдерінде, сондай-ақ сейсмикалық қауіпті өңірлерде нормативтік-техникалық және заңнамалық-құқықтық нормалардың заманауи жағдайы. 5. Ғимараттар түрлері: тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттар. Ғимараттардың жабындары мен аралықтары. 6. Темір бетонды конструкцияларды жобалаудың ерекшеліктері. Құрылыс алаңшасының сейсмикалығына байланысты темір бетонды конструкцияларды шегендеуге қойылатын конструкциялық талаптар. 7. Сейсмикалық тұрақты құрылыс саласындағы халықаралық ынтымақтастық. СММЖ Сейсмикалық мониторингтің мемлекетаралық жүйесінің бағдарламасы. 8. Орталық Азия елдерінде және Қазақстанда табиғи зілзалаларға байланысты төтенше жағдайларға дайындау. 9. Өңірдің дүлей зілзалаларға осалдығы. Жер сілкінісінен болатын залалдарды есептеу. Семинарлар аяқталуы бойынша аттестаттау тапсырылғаннан кейін, қатысушыларға тиісті аттестациялық куәліктер берілді.