Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР

2018-11-26
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
ҮСТЕЛҮСТІ ТЕННИСІНЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ТУРНИР
Мемлекет басшысының көпшілік спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша тапсырмаларын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын ұжымының командалық рухын қолдау үшін, 2018 жылғы 24 қарашада «Мемсараптама» РМК-нің Жастар кеңесі «Мемсараптама» РМК орталық аппаратының қызметкерлері арасында үстелүсті теннисінен қайырымдылық турнир өткізді. Турнир «Мемсараптама» РМК-нің 20 жұмыскерінің қатысуымен жұптық турнир, топтық турнир/*шығып қалуға турнир жүйесі бойынша өтті. Бір жұптың құрамы жеребе тастау бойынша анықталды. Топтық турнир кезінде жеңген жұпқа 3 ұпай берілсе, жеңілген жұпқа сәйкесінше 0 ұпай берілді. 1-2-орынды иеленген жұптар плей-оффқа өтті. Плей-офф ойындары 1 орын А тобы – 2 орын В тобы, 2 орын А тобы – 1 орын В тобы жүйесі бойынша өткізілді. Кейін финалдық кездесу өтті. Турнир қорытындылары бойынша: 3-ші орын – Жоламан Азамат Жоламанұлы/Тұңғышбаев Әлішер Қанатбекұлы; 2-ші орын – Қажкенов Қуандық Жұмабекұлы/Сүлейменов Арман Болатханұлы; 1-ші орын – Ілиясов Данияр Жайылханұлы/Шаймерден Мақсат Біржанұлы. Сондай-ақ: - «Жеңіске жігерленген ерік үшін» номинациясын бас бухгалтер Бишенова Бибігүл Ержанқызы; - «Үздік ойыншы» номинациясын конструкторлық сектор жетекшісі Төреғожина Гүлнәр Серікқызы; - «Үздік жас ойыншы» номинациясын әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жетекші маманы Жүсіпов Сейтмұхамет Құсайынұлы жеңіп алды. Барлық жиналған қаражат «Атбасар қаласының ақыл-ойы және психикалық дамуы кем балаларға арналған №2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты» ММ-ге жіберілді.